Кино және ТВ факультеті

1993 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институты базасында «Кино» факультетінің құрылуы Қазақстандағы ұлттық киномектептің қалыптасуындағы тарихи бетбұрыс болып, жаңа буын кәсіби мамандарын даярлауға тың серпін берді. Қазіргі таңда «Кино және ТВ» факультеті экрандық өнер мен медиа саласы бойынша жоғары білікті кадрларды даярлайтын Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші шығармашылық орталықтарының бірі.

Факультеттің негізін қалаушылар мен алғашқы оқытушылары белгілі Қазақстан кинематографистері: кинорежиссерлер Ә.Хайдаров, Т.Теменов, В.Пұсырманов, Е.Абдрахманов, С.Азимов, Б.Шарип, К.Мерғазиев, кинотанушылар Б.Нөгербек, Г.Әбикеева, К.Айнағұлова, К.Әлімбаева, театр және кино актері Т.Жаманқұлов, операторлар Ә.Қастеев, Э.Дауылбаев, драматургтер Ә.Тарази, Л.Ахинжанова, журналист және көрнекті қоғам қайраткері К.Смаилов болды.
Іздеу
Хабарландырулар

13.10.2025




