• 29.11.2021

«Сахна пластикасы» кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • «Сахна пластикасы» кафедрасы

 «Сахна пластикасы» кафедрасы мәдениет пен өнер мамандарын дайындауда профессорлық оқытушылар құрамының ғылыми–шығармашылық дәрежесін жоғары көтеріп, шығармашылығын өркендетіп, өнер қайраткерлерінің  бай тәжірбиесі мен жас студенттердің батыл ойларын үйлестіруді өзіне мақсат етеді.

«Сахна пластика» кафедрасы 1978 жылы «Театр өнері және эстрада» факультетінде ашылды. Кафедраның негізін қалаушы осы академияның түлегі профессор Кулбаев Аман Бекенұлы.

Осы уақыт ішінде болашақ актер   мамандарын дайындауда Ж.Капесов, Г.Ақылбекова, К.Жумагалиев, Т.Айткожанов, Б.Байжуманова А.Кумаржанов, А.Шанкибаева, Р.Айткожанова, Н.Гончарова, Б.Бахарова, Г.Даулеткулова, А.Ахан  үздік еңбек етті.

Актер мамандығы үшін ең қажетті қозғалысын әрекетін – қозғалыс қимылдарын игеру, сонымен бірге бірқатар физикалық және психофизикалық  қабілеттерді студенттердің бойында тәрбиелеу басты орын алады. «Би», «Сахна қозғалысы», «Сахна сайысы», «Музыкалық-ырғақты тәрбие» пәндерін Кулбаев А.Б., Капесов Ж.Н., ШанкибаеваА.Б., Бахарова Г.Г., Даулеткулова Г.А., Ахан Ж., Токеева А.Т., Байлин А.И. мұғалімдер жүргізеді.