• 19.03.2024

А.Б.Кенджакулованың қорғауы туралы хабарландыру

  • ҚазҰӨА
  • А.Б.Кенджакулованың қорғауы туралы хабарландыру

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының философия докторының (PhD) дәрежесiн беру жөніндегі докторлық диссертацияларды қорғау бойынша 8D021-Өнер Диссертациялық кеңесі 6D041600 – Өнертану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесiн алуға байланысты «Қазақ графика өнеріндегі фольклорлық мотивтерді интерпретациялаудың өзектілігі: Тәуелсіздік кезеңі» тақырыбында жазылған Кенджакулова Айнур Бериковнаның диссертациялық жұмысы қорғалатынын хабардар етеді. Диссертациялық жұмыс қазақ тілінде жазылған, «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасында дайындалған.

Zoom идентификатор: 906 227 6322
Код: 139822

Тікелей эфир Академия Жургенова Youtube парақшасында (262) А.Б.Кенджакулова докторлық диссертациясының қорғауы – YouTube

Ғылыми кеңесшілер:

Абазов Рафис – PhD докторы, Колумбия университетінің профессоры

Шарипова Диляра Сафаргалиевна – өнертану кандидаты, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА доценті;

Ресми пiкiр берушiлер:

Крыкбаева Сара Мукашевна – өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогика университетінің қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы;

Иманбаева Жанерке Асхатова – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Халықаралық білім беру корпорациясы «Дизайн» факультеті деканының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары.

Қорғау мәжілісіндегі диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

Джадайбаев Амир Жалынович – өнертану кандидаты, Ә.Қастеев атындағы МӨМ аға ғылыми қызметкері;

Труспекова Халима Хамитовна – өнертану кандидаты, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры.

Диссертациялық қорғау 2021 жылдың 29-маусымында сағат 14:00 онлайн форматында өтеді.

Приемная комиссия