1995 жылдан бастап Қазақ Мемлекеттік көркемсурет академиясында ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, өнертану кандидаты, профессор К.Мұратаевтың басшылығымен «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы» кафедрасы ашылды.
1996-2000 жылдары өнертану мамандығы кафедрасының бастауында философия ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.С.Ғалымжанова және осы кафедраның жетекші ұстаздары аға оқытушы С.А.Шкляева, аға оқытушы С.Несіпбаева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Суретшілер және Журналистер Одағының мүшесі Қ.К.Болатбаев дәріс берген.
- 2000 жылы мамандық «Өнертану» кафедрасы аталып, академиядағы өнертану саласының негізгі теориялық базасы ретінде айқындалды. Осыдан кейін бір жыл көлемінде өнертану докторы, профессор Б.Құндақбаев кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
- 2002 жылы кафедра негізінде «Өнертану» факультеті құрылып, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Суретшілер және Журналистер Одағының мүшесі Қ.К.Болатбаев декан қызметіне тағайындалды. Факультет құрамында төрт кафедра құрылып, соның ішінде 2003-2007 жылдар аралығында «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі аға оқытушы О.В.Батурина болды.
- 2007-2009 жылдары аралығында кафедра меңгерушісі қызметін доцент, өнертану кандидаты А.К.Юсупова атқарды.
- 2009 жылдың қазан айынан 2010 жылдың қаңтар айына дейін кафедра меңгерушісі міндетін атқарушысы аға оқытушы, өнертану магистрі Г.Б.Қосанова атқарды.
- 2010 жылдың ақпан айынан 2011 жылдың қыркүйек айына дейін өнертану докторы, профессор Ә.С.Ғалымжанова кафедра меңгерушісі болды.
2011 жылдан бүгінгі күнге дейін кафедра меңгерушісі қызметін Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА-ның доценті, философия ғылымдарының кандидаты Қ.С.Оразқұлова атқаруда.
Кафедрада атқарылатын іс-шаралар, мастер-класстар, белгілі суретшілермен, өнертанушылармен кездесулер тәжірибе алмасу есебінде өткізіліп отырды. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайымен серіктестік жүргізілуде.
Кафедраның педагогикалық, шығармашылық, ғылыми потенциалы жоғары деңгейде.
«Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасы тек қана білім беру орны емес, сонымен қатар ғылыми орталық болып табылады. Кафедраның оқытушылық құрамы өнер саласындағы жаңалықтарды зерттеп енгізуде, тұрақты түрде оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізіп отырады.
«Өнертану» және «Этноөнертану» бағдарламысының мақсаты мен міндеттері.
- Білім бағдарламасының мақсаты бітіруші түлектердің қызметтік өсуін және кәсіби жетістіктерін баяндап түсіндіру.
- Бағдарламаның мақсаты академияныбітіретін студеттің меңгеруі керекбілімі мен дағдысын нақты түсіндіріп беру.
Бағдарлама мақсаты
Төрт жылдан кейін 5В041600 «Өнертану» және «Этноөнертану» мамандықтары бойынша бакалаврлық білім алушыдан біз не күтеміз, яғни біздің түлектеріміз болуы керек:
Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы саласының жетік кәсіби маманы, заманауи көркемөнер үдерістерін түсінетін көркем сыншы, бейнелеу өнері басылымдарының ерекшелігін меңгерген редакторлық білімі, галереялық жұмыстың мән жайымен мұражай тәжірибесінің ғылыми ізденушілік ыңғайын білетін мұражай қызметкері, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыс дағдысымен қаруланған ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері және лицей мен колледждерде бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясынан оқытушылық қызметкерлері;
Өнертану саласы бойынша академияда алған концептуальды білімі мен дағдысын тиімді және кәсіби деңгейде пайдалана алуы, сонымен қатар қызметтік өсу барысында мемлекеттік және жеке мәдени бағдарламаларда ғылыми-зерттеу жобаларды дайындауда, өзбетінше шешім қабылдай алуы;
Білімінің жеткіліксіз тұстарын талдап, анықтап, тәжірибедежәне түрлі кәсіби ортада толықтыра алатын, ұлттық және халықаралық деңгейде танылған, кәсіби және сертификатталған бағдарламаларда, жоғары оқу орнынан кейін ұдайы білімін жетілдіре беретін, профессионалдар.
Бағдарлама міндеттері
Бейнелеу өнерінің тарихынан білімінің жеткіліктілігін көрсете алауы және түсінуі, заманауи көркем өнерден хабары болуы, кескіндеме,
мүсін, графика, сәулет өнерлерінің шығармашылық әдісінің ерекшеліктерін білуі, ойын логикалық жеткізе алуы және өзінің ұстанымын дәйекті дәлелдей білу керек.
Күмәндану – классикалық көркем шығармалар үлгісінің жеткіліксіз кәсіби деңгейіне сыни баға беруге.
Дайындау – жеке мәдени бағдарламалар мен мемлекеттік бағытта ғылыми-шығармашылық жобалар.
Көшбасшы болу – ғылыми-шығармашылық жобаларға жетекшілік ету және қойылған міндеттерге қандай үлес қосатынын анықтау.
Әрекеттестік –жұмысты құжаттау үшін жазбаша және вербальды байланысты пайдалану мен қол жеткізген жетістіктерді ұсыну, сонымен қатар қазақ, орыс және ағылшын тілінен жоғары кәсіби деңгейі болуы керек.