• 19.03.2024

«Эстрадалық вокал» кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • «Эстрадалық вокал» кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Оқытушылар құрамы

«Эстрадалық вокал» кафедрасы

«Эстрада өнері» мемлекеттік білім беру бағдарламасы стандратына және біліктілік сипатына сәйкес эстрадалық музыка саласында кәсіби дайындық жүргізеді. «Эстрадалық вокал» кафедрасының ұжымы жалпыкәсіби және арнайы пәндер циклы бойынша, бірінші кезекте білім беру бағдарламасы құжатын әзірледі, оның аясында элективті пәндер каталогын, модульдік білім беру бағдарламасы,

білім беру паспорты, пәндердің оқу-әдістемелік кешені, силлабус, оқу-әдістемелік жоспары әзірленді.

«Эстрадалық вокал» кафедрасында жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам қалыптасқан. Олар: 4 профессор, 3 доцент, 2 Халық әртісі, 1 Еңбек сіңірген қайраткер, 7 ғылым кандидаты, оның ішінде 4 – өнертану кандидаты, 3 PhD.

Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ОӘБ басшылығымен Егеменді Қазақстанның нарықтық экономикаға көшу, әлемдегі жаһандану үдерісі жағдайында эстрада өнеріне кәсіби көзқарастың қыр-сырына негізделген студенттерді даярлау моделі жасалып, енгізілді.

«Эстрадалық вокал» кафедрасы 1996 жылы «Театр өнері және эстрада» факультетінің құрамында бөлім болып ашылған. Ол, 2008 жылы құрылған «Музыкалық өнер» факультетіне қарасты. Әр жылдары кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ж.Қалиева, ҚР еңбек сіңірген әртісі Л.Қ.Төлешева сияқты білікті мамандар басқарды. Ұзақ жылдар бойы кафедраны меңгеріп, дамуына көп үлес қосқан – ҚР халық әртісі, профессор Л.К.Кесоглу, ол кафедраның «Қадірлі меңгерушісі» атағына ие болды.

2020-2022 жылдар аралықтарында өнертану ғылымдарының кандидаттары Касимова З.М., Жұмабекова Л.Ә. кафедраны меңгерді. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап, «Эстрадалық вокал» кафедрасының меңгерушісінің м.а. өнертану ғылымдарының магистрі, “Эстрада әртісі”  Каспакова Г. М. жалғастыруда.

Кафедраның негізгі оқу-өндірістік параметрлері оның технологиялық, ғылыми-зерттеу, шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

2000 жылы Қазақстанда алғаш рет «Эстрадалық вокал» және «Эстрадалық оркестр аспаптары» мамандандыруынан тұратын «Музыкалық өнер» факультеті ұйымдастырылған.

Қазіргі таңда  кафедра 6В02194  «Эстрадалық өнер»  мамандығы мен 6В02108 «Эстрада вокалисі»  мамандандыру жұмысын іске асыру үстінде.

2022-2023 оқу жылында бакалавриат бойынша 135-студент, 11-магистрат, 2-докторант білім алуда.

«Эстрадалық вокал» ұжымында, кафедраның дамуына аянбай, өз үлестерін қосып, кәсіби тәжірибесімен бөлісетін оқытушылар қызмет етуде:

  • Кесоглу Л.К. – кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі, музыка педагогы, профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1989). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.
  • Есқалиева Н.Х. – әнші, профессор. ҚР халық әртісі.
  • Забирова Т.К. – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор.
  • Мусагулова Г. Ж. – өнертану ғылымының кандидаты, профессор.
  • Касимова З. М. – өнертану ғылымының кандидаты, аға оқытушы,      
  • Омаров Т. И. – доцент (АК)
  • Кайсиди И.Г. – PhD докторы, ҚазҰӨА “Эстрадалық вокал” кафедрасының доценті. Т.Қ. Жүргенов, әнші, вокал оқытушысы, “@kaisidischool” музыка мектебінің негізін қалаушы.        
  • Калиева А. Ж.– доцент (ВАК, қоса атқарушы) педагогика ғылымдарының кандидаты
  • Мухитденова Б. М.– аға оқытушы PhD
  • Майгазиев С.Қ.– PhD докторы, аға оқытушы  
  • Елубаева М. А. –аға оқытушы
  • Курманбаева З. К. – аға оқытушы 
  • Мухсиынова М. Ж. – аға оқытушы
  • Пазылакын Т.У. – оқытушы
  • Умирзакова Г. А. – оқытушы        
  • Шутенова А. С. – аға оқытушы    
  • Ягфаров М. И. – оқытушы   
  • Канлыбаев Д. М. – оқытушы
  • Карсыбаева А. Е. – оқытушы         

  Кафедра түлектері:

     Кәсіби музыкант мамандарын эстрадалық өнер саласына  жоғары деңгейде  тәрбиелеу –  кафедраның ең басты мақсаты. 

«Эстрадалық вокал»  кафедрасы – өнер саласында жұмыс атқарып, алыс-жақын шет елдерде еліміздің туын желбіретіп, танытып келген көптеген атақты Қазақстандық әншілерді, әртүрлі конкурстардың лауреаттарын, олардың ішінде: Гаухар Каспакова, Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Бауыржан Ретпаев, Әлішер Кәрімов, Динара Султан, Қайрат Түнтеков, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Кәмшат Жолдыбаева, Ернар Садырбаев, Дәулетов Димаш, Жұбан Ерназар, Кенішқалиев Бексұлтан және т.б. дайындаған және де дайындап келеді.

Приемная комиссия