• 19.04.2024

«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»

Авторkaznai

Сәу 25, 2022

«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне арналған «Қазақстан бірлік пен татулық мекені» атты музыкалық кеш.

25 сәуір күні Т. К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының  Кинозалында «1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні»  мерекесіне арналған «Қазақстан бірлік пен татулық мекені»  атты музыкалық  кеш өткізілді.

Кешті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар»  кафедрасының доценті Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы  «Музыкалық өнері»  (Халқы аспатары, Халық әні – мамандықтары бойынша білім алалушылар), «Хореография», «Өнертану», «Театр өнері » (Орыс бөлімінің білім алушылары) факультеттерінің 2 курс студенттерімен  өткізді.

Іс-шараны өткізу мақсаты: Ұлттық сана-сезімнің жоғары деңгейін қалыптастыру, оның маңызды компоненттерін қазақ халқының тарихын, тілін, салт-дәстүрлерін, өзіндік ерекшелігін, қазақ халқының ұлттық мүдделерін, ұлттық құндылықтары мен құндылық бағдарларын саналы түрде қабылдау, сондай-ақ студент жастар арасында этносаралық толеранттылықты, қоғамдық келісімді және патриоттық тәрбиені қалыптастыру болып табылады.

Мерекелік іс- шараға  қатысқандар:

Т. К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Тәрбие ісі жөніндегі» проректовы Абзал Қуанышұлы (Мерекелік құттықтау жасады)

Алматы қаласы Қазақстан Халқы Ассамблеясының Ғылыми Сараптамалық Тобының төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Білім Ғылым Министрлігі Ғылым Комитеті  М. О. Ауэзов  атындағы «Әдебиет және өнер институты» сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ананьева Светлана Викторовна (баяндама жасады)

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі Алимжанова Алия Шарабекқызы (Мерекелік Іс-шараның жабылуында Қорытынды сөз айтты)

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті филос.ғ.к. Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы (баяндама жасады)

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар»  кафедрасының Профессор – оқытушылар құрамы

«Музыкалық өнері»  (Халқы аспатары, Халық әні – мамандықтары бойынша білім алалушылар), «Хореография», «Өнертану», «Театр өнері» (Орыс бөлімінің білім алушылары) факультеттерінің 2 курс студенттері

Модератор: «Кинотеледраматургия» мамандығының 2-ші курс студенті Турганбаева Айгерім

Іс шара бағдарламасы:

«Халық аспаптары» мамандығы  бойынша  білім алатын   2 курс студенттері   ансамблінің Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады;

«Халық аспаптары» мамандығы  бойынша  білім алатын   2 курс студенттері «Домбырашылардың» күй тартыс орындады;

«Хореография» мамандығы бойынша  білім алатын   2 курс  студенттері қазақ халқының   – «Шашу биін» биледі;

«Халық ані» мамандығы  бойынша  білім алатын   2 курс студенті Амеркулова Ардақ – К.Әзірбаев «Туған жер» әнін орындады;

«Халық аспаптары» мамандығы бойынша білім алатын 3 курс студенті  Сеилханов Рустам                    Ә. Желдібаев «Ерке сылқым»,  Құрманғазы  «Адай» күйлерін орындады;

«Хореография» мамандығы  бойынша  орыс бөлімінде білім алатын   2 курс  студенті  Ахмадова Сабина – «Өзбек биін» биледі;

«Драмалық театр актеры» мамандығы  бойынша  орыс бөлімінде білім алатын   2 курс  студенттері:    Неміс биін  «Die Gedanken and frei» биледі;

«Халық ані» мамандығы  бойынша  білім алатын   2 курс студенті Нұржан Мәулен –  Т. Рахимов «Қазағым-ай» әнін орындады;

«Драмалық театр актеры» мамандығы  бойынша  орыс бөлімінде білім алатын      2 курс  студенті  Кавдунова Дильназ  «Уйғыр биін» биледі;

Халық аспаптары» мамандығы  бойынша  білім алатын   2 курс студентері   ансамблінің орындауында   Дәулеткерей «Көрұғлы» күйін орындады;

«Кинотану» мамандығы  бойынша  білім алатын   2 курс  студенті  Алмасқызы Нұрбану «Сәлем саған Туған ел!» (сөзі :Ш. Сариев, әні К. Дүйсекеев) әнін орындады;

«Эстрада вокалы» мамандығының 2 курс  магистранты Кабатова Жанерке «Домбыра туралы баллада» (сөзі :Ш. Сариев, әні К. Дүйсекеев) әнін орындады.

Приемная комиссия