• 29.03.2024

«Егемендік философиясы» атты дөңгелек үстел.

Авторkaznai

Қаз 20, 2022

25 қазан ұлттық мереке Республика күніне арналған «Егемендік философиясы» атты дөңгелек үстел.

Әл-Фараби кітапханасында 2022 жылдың 19 қазан күні сағат 11.00 де Алматы қаласы ҚХА -ның Хатшылығы, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, Т. Қ. Жүргенов ҚазҰӨА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия» кафедрасы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің  «Дінтану» кафедрасының ұйымдастыруымен 25 қазан ұлттық мереке Республика күніне арналған «Егемендік философиясы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

 Іс шараның өткізілу мақсаты : Қазақстан мемлекеттілігі тарихындағы Республика күнінің айрықша маңыздылығын студенттік жастарға ұғындыру. Ұлттық сана сезімнің жоғары деңгейін қалыптастыру, оның маңызды компоненттерін –қазақ халқының тарихын, тілін, салт-дәстүрлерін, өзіндік ерекшелігін, қазақ халқының ұлттық мүдделерін, ұлттық құндылықтары мен құндылық бағдарларын саналы түрде қабылдау, сондай-ақ студент жастар арасында этносаралық толеранттылықты, қоғамдық келісімді және патриоттық тәрбиені қалыптастыру болып табылады.

Іс шараға қатысқандар: «Филия» Қазақстанның грек қоғамдары қауымдастығының президенті Георгий Константинович Иорданиди,  «Ырныхас» Осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы Мамсуров Қазбек Владимирович, Алматы қаласындағы ҚХА  Ғылыми сараптамалық тобының мүшесі, Т.Қ. Жүргенов ҚазҰӨА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі  филос.ғ.к., профессор Алимжанова Алия Шарабековна, Т.Қ. Жүргенов ҚазҰӨА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті. филос.ғ.к. Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия»  кафедрасының меңгерушісі  филос.ғ.к. Құранбек Әсет Абайұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия»  кафедрасының професооры, филос.ғ.д., проф. Ғабитов Тұрсын Хафизұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия»  кафедрасының оқытушы Казиева Жадыра Нұрғанатқызы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің  «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі  ф.ғ.к, доцент  Рыскиева Айымжан Әбуқызы,.Т. Қ. Жүргенов ҚазҰӨА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің  студенттірі.

Баяндамалар:

1.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің 2  курс студенті Тоқтарбек Мадина. Баяндама тақырыбы: «Егемендік және еркіндік философиясы»;      

2.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 2  курс студенті Тоқтарова Айым. Баяндама тақырыбы: «Жаңа Қазақстандағы заманауи философия»;  

3.Т. Қ. Жүргенов ҚазҰӨА  2 курс студенті Талғат Нұрсәуле. Баяндама тақырыбы:  «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы»;   

4.Т.Қ.Жүргенов ҚазҰӨА  1 курс магистранты Омар Сая. Баяндама тақырыбы: «Концепции развития Ассамблеи народа Казахстана(до 2026 года)»;   

5. Т.Қ.Жүргенов ҚазҰӨА  1 курс магистранты Ақжолтай  Ұлағат. Баяндама тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты»;

6.Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 1 курс магистранты Қалмұрат Естай. Баяндама тақырыбы: «Егемендік тұғыры-мемлекет негізі».

      Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері іс-шарада Шығармашылық туындыларындарын конкурсқа қатысушыларға сыйлады. 

Мұхтарова Асыл  2 курс студенті   Ғарифолла Құрманғалиев «Сәлем Қазақстан» әні

Мұхтарова Асыл 2 курс студенті   –  Самат Мәдиев «Егіз ер» әні                                        

Айбын Аякөз 2 курс студенті  – Халық әні «Жанай керім»   Жетіген аспабының сүйемелдеуімен                                                                                                                                      

Нұрташов Азамат 2 курс студенті  –   Е.Дербенко «романтическая прелюдия»

Нұрташов Азамат 2 курс студенті   – Халық әні – «Бозінген»    Бозінген (Сүгірдің күйі)                                        Бодаубаев Тоқтасын  2 курс студенті    – «Ақындарға Арнау» Жамбыл Жабаев              

Сәрсек Бекзат –  Наурызбек жыраудың «Ал, жігіттер, сал құлақ» термесі                                

«Туған жер»  Поэтикалық композициясын 4 курс студенттері орындады:  Аягузов Ғалымжан, Ерлан Ерасыл,  Мүсілімов Темірлан, Дүйсенұлы Ақжол;                                

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 2 курс студенті  Батиханов Арна –  1. Бейісбайдың «Шыңырау» күйі                                                                                

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 2 курс студенті Батиханов Арна –  2. Құрманғазының күйі «Төремұрат»                                                                                   

«Күй шашу» орындағандар:  Сұлтанқұл Сұңқар, Пазылов Құрман, Еркінұлы Марқа, Муратов Асқар

 Іс-шараны қорытындылау барысында  ұйымдастырушыларға, баяндама жасаған  және мерекелік Іс-шарада өнерлерін көрсеткен студенттер  Алматы қаласы ҚХА Хатшылығы басшылығының атынан алғыс хаттар берілді.

Өткізілген мерзімі мен уақыты: 19 қазан 2022 жыл, сағат 11.00 

Өткізілген орны:  ӘлФараби даңғылы,71. Әл-Фараби атындағы кітапхана, 408 каб.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия