• 28.04.2024

«Мәдени құндылықтар мен әлемдік тенденциялар трансформациясы дәуіріндегі Қазақстан сценографиясы»

Авторkaznai

Қар 8, 2023

2023 жылдың 09 қарашасында сағат 11:00-де,

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кітапхана залында ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ өтеді


2023 жылдың 09 қарашасында сағат 11:00-де, кітапхана залында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Сценография кафедрасы ұйымдастыруымен

Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері, сценография кафедрасының доценті Тұяқов Есенгелді Жұмағұлұлының 75 жылдығына арналған  «Мәдени құндылықтар мен әлемдік тенденциялар трансформациясы дәуіріндегі Қазақстан сценографиясы» тақырыбында қоғам қайраткерлерінің, театр мамандары, сценография зерттеушілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі.

Дөңгелек үстелде: Мерейтой иесі Туяқов Е.Ж. шығармашылығы мен жетістіктері, бүгінгі Қазақстан сценографиясының даму тенденциялары, заман талабына сай театр суретшілерін, мультимедия сценографтары, жарық суретшісі мен қойылым бөлімі меңгерушілерін дайындау және т.б. мәселелер талқыланады. Қоғам қайраткерлері, театр директорлары, режиссерлер, театр танушылар, сценография зерттеушілері және Академия түлектері пікірталас жүргізеді.

Модератор: Халықов Қабыл Заманбекұлы – философия ғыылмдарының докторы, профессор, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры

Шақырылған қонақтар:  

Тұяқов Есенгелді Жұмағұлұлы – Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері, сценография кафедрасының доценті

Бокебаев Нурбақыт Абдыгалиевич – мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театрының директоры

Кулбаев Аман Бекенұлы –    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық жаратылыстану академиясының, педагогика ғылымдары академиясының академигі, өнертану кандидаты, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы “Сахна пластикасы және дене тәрбиесі” кафедрасының профессоры                 

Кабдиева Сания Дюйсенхановна – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр тарихы мен теориясы» кафедрасының профессоры

Бөпежанова Әлия ҚаҺарманқызы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық “Алаш” әдеби және Ұлттық “Сахнагер” сыйлықтарының лауреаты

Рахимов Әубәкір Сыдықұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының профессоры

Мурат Сапаров – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драмаа театрының бас суретшісі, сценограф 

Жангужинова Меруерт Еркеновна – Ph.D докторы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Сценография» кафедрасының меңгерушісі, Қауымдастырылған профессор

Каржаубаева Сангуль Камаловна – өнертану докторы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Сценография» кафедрасының профессоры

Жаңбыршиев Орынбасар Жексенұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Сценография» кафедрасының профессоры

Баймуханова Жаннат Азимхановна – өнертану магистрі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Сценография» кафедрасының аға оқытушысы

Буркитбаев Ануар Казбекұлы – өнертану магистрі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Сценография» кафедрасының аға оқытушысы

Сонымен қатар, Мерейтой иесі Туяқов Есенгелді Жұмағұлұлының Республика бойынша сценограф шәкірттері, әріптестері, Академия студенттер, магистранттары, докоранттар және ОПҚ қатысады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия