• 27.04.2024

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін VІ Республикалық «Жас екпін» жас өнерпаздар байқауы өтті.

Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпақққа аманат мұра болып жеткен халқымыздың дәстүрлі ән күй саласындағы асыл қазынасын жан жақты насихаттау, халық композиторлардың ән күйлерін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, бүгінгі күннің талабына сай тәрбиелеу негізгі мақсатымыз. Әсіресе, қазақ халқының әншілік, күйшілік дәстүрін (мектебін), орындаушылық ерекшеліктерін дәріптеп отырып, жас таланттарды іздеп табу, болашақ ұрпақтың бойында туған елдің өнеріне, өткеніне деген құрмет, сезімін қалыптастыру болмақ. Дәстүрлі өнер саласында жүрген жас дарынды анықтап бағыт бағдар көрсету, шығармашылығына жол ашу осы байқаудың басты мақсаты болып табылады.

Конкурс ережесі:

  • 1 – ші кезең 5 ақпан – 3 наурыз аралығы (онлайн форматта)
  • 2 – ші кезең 14-15 наурыз (офлайн форматта)

Байқауға музыкалық орта оқу орындарының 3-4 курс студенттері мен арнайы мамандандырылған  музыка мектептерінің 11-12 сынып оқушылары қатысты. Байқау «Халық әні» (дәстүрлі орындаушылық), «Домбыра» және «Фольклорлық аспаптар» (қылқобыз, сыбызғы, жетіген, шертер) номинациялары бойынша өтті. Әр номинацияда қатысушы халық және халық композиторларының шығармаларын орындады.

Қазылар алқасы:

Қазылар алқасының төрағасы:

1. Мукышев Талгат Карипжанович – «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының профессоры.

Қазылар алқасының мүшелері:

  • 2. Бекмолдинов Нартай Сагмбекулы – «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедра меңгерушісі;
  • 3. Стамғазы Рамазан Өмірәліұлы – «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті;
  • 4. Мұса Әділет Төлеуұлы – «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының оқытушысы;
  • 5. Әбуғазы Мұрат Қазенұлы. – «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті;
  • 6. Даржан Шолпан Жарқеткенқызы – «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті;
  • 7. Дүйсенбаева Жазира Толендиевна – «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының оқытушысы

Іс-шараның барысы:

Байқауға жалпы 134 жас өнерпаз қатысты. Байқаудың I – кезеңі онлайн форматында өтті. Қатысушылар бағдарламаға сәйкес әндерін немесе күйлерін видео жазбамен жіберді. Сол кезеңдегі өнерпаздарды Қазылар алқасы байқаудың II – кезеңіне 54 қатысушыны іріктеп алды. Іріктеуден өткендер: 22 домбырашы, 20 дәстүрлі әнші, 5 қобызшы, 3 шертерші, 2 жетігенші, 2 сыбызғышы.

Байқаудың II кезеңі 15 наурыз 2024 жыл офлайн форматында өтті.

  • 9:00-10:00 – қатысушылардың тіркеуі;
  • 10:00-10:45 –  конкурс ашылу салтанаты;
  • 10:50-13:00 – «Домбыра» номинациясының тыңдалымы;
  • 13:30-14:50 – «Фольклорлық аспаптар» (қылқобыз, сыбызғы, жетіген, шертер) номинациясының тыңдалымы;
  • 15:00-17:00 – «Халық әні» номинациясының тыңдалымы;
  • 17:00-18:00 – Қазылар алқасының талқылауы;
  • 18:00-19:30 – Марапаттау. Гала-КОНЦЕРТ.

Конкурс нәтижелері: Байқауға Республикамыздың әр түкпірінен орта оқу орындарының студенттері мен арнайы мамандандырылған  музыка мектептерінің оқушылары қатысып жоғары деңгейдегі орындаушылықты көрсетті.

«Халық әні» номинациясы: Бас жүлде – Келісқызы Айдана, Маңғыстау өнер колледжі, 3 курс, Ерімбетова Ақмарал Тастанбекқызы

1 орын:

  • Касимова Аяжан П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, 3 курс, Есбол Шаңбай
  • Тургамбаев Алтынбек  Мұқан Төлебаев атындағы Семей музыкалық училище, 4 курс, Камидолдин Қайрат Батырбекұлы
  • орын:
  • Берғазықызы Альяна Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің атындағы колледж, 4 курс, Сарина Гүлмира Айымғазықызы
  • Махан Ерасыл П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, 4 курс, Абильбаев Рауан Бауыржанұлы
  • Асқарқызы Нұрайым Мұқан Төлебаев атындағы Семей музыка училищесі, 3 курс, Смасеитова Алтын Женисовна
  • Жеңіс Наргиз «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі, 4 курс, Сүндетқалиева Жұлдыз Ғибатоллақызы
  • орын:
  • Бертай Асылзат Шымкент Саз Колледжі, 4 курс, Спатаев Жақып Сынабайұлы
  • Абухас Ернұр Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжі, 3 курс, Абугазин Талгат Казенович
  • Ортай Еңлік П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, 3 курс, Есбол Шаңбай
  • Қаршыға Аружан Павлодар Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп–интернаты 4 курс Мусипова Сәуле Талгатовна
  • Санбаев Айбар Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі, 3 курс, Қабылов Дастан Ғалымжанұлы
  • Кыдырханова Тахмина Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі, Тұрғанбаев Әділ Біләлұлы

Дипломант дәрежесі – 7 қатысушы

«Фольклорлық аспаптар» номинациясы: Бас Жүлде – Ахмет АдияП. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, 3 курс, Асанова Айгуль Файзуллаевна

  1. орын:
  2. Алдабергенова Дина Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі, 4 курс Нысанбаев Заманбек Нұрланұлы
  3. Аймкулова Заида Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжі, 4 курс Тұрсынқызы Мөлдір
  4. орын:
  5. Сабанкулова Рано Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі, 3 курс Бегімсалова Айнуза
  6. Қабимолда Алихан Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі, 3 курс Талғат Кәріпжанұлы Мұқышев
  7. Қожамұрат Аружан «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі, 3 курс Урбисинова Гульфара Урпековна

3 орын:

  • Амантаева Аида Айдынқызы П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, 4 курс Есеналиева Дана Асылбековна
  • Абдумажитқызы Қарақат Қанабек  Байсейітов атындағы  Талдықорған саз  колледжі, 3 курс Кұдайбергенов Айбол Кайратович
  • Касенжан Зарема Жаксылыққызы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі Көкшетау қаласы 3 курс Мукушова Жулдыз Маратовна

Дипломант дәрежесі – 3 қатысушы

«Домбыра» номинациясы: Бас Жүлде – Тоқтан Нұрдана П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, 3 курс Ақбаева Айман Абильгазиевна

  1. орын:
  2. Бекнұр Әбдіжәли Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің атындағы колледж, 3 курс Ұлтарахова Кульперизат Елеусизовна
  3. Балтабеков Алмат Қанабек  Байсейітов атындағы  Талдықорған саз  колледжі, 3 курс Оразаев Талғат Ілиясұлы
  4. орын:
  5. Абдыгалык Айбек Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжі, 3 курс Акияшев Айсарбек Сапарбекұлы
  6. Жолдыбай Арсен «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі, 3 курс Садықов Сәлімгерей Бақытғалиұлы
  7. Омар Қанат Маңғыстау өнер колледжі, 3 курс Аманжолова Айжан Сүйлеменова
  8. Жанатілеу Амина  Қанабек  Байсейітов атындағы  Талдықорған саз  колледжі, 4 курс Оразаев Талғат Ілиясұлы
  9. орын:
  10. Әміржан Расул П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, 3 курс Рақышева Қалдыгүл Бейсембайқызы
  11. Серік Айжүрек Темірбек Жүргенов атындағы ҚҰӨА, қосымша білім Нұрмолдин Сырым
  12. Махметова Дильназ Рудный музыкалық колледжі, 4 курс Хамитов Мұрат Сабитұлы
  13. Нүсіпханова Ақжан Қаскелең мәдениет колледжі, 3 курс Акбасов Саят Киргизбаевич
  14. Абдыхаил Дильназ Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі, 3 курс Әбсадықов Әлімжан Нағызханұлы
  15. Нұржанова Мерей Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжі, 3 курс Акияшев Айсарбек Сапарбекұлы

Дипломант дәрежесі –  9 қатысушы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия