• 14.08.2024

РММ бос азаматтық лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Авторkaznai

Шіл 23, 2024

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі бос азаматтық лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Атауы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Негізгі қызметі: негізгі орта (7-9-сыныптар мектеп-интернаты), техникалық және кәсіптік (колледж), жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура және PhD докторантура) білім беру, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру (бұдан әрі – Білім беру) саласындағы қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ әртүрлі бағыттар бойынша өнер саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу және үйлестіру.

  • Орналасқан жері: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127.
  • Лауазым: шаруашылық бөлімінің басшысы – 1 бірлік.
  • Азаматтық қызметшінің лауазымдық жалақысы:
КатегорияЕңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақы (теңге)
бастапдейін
А 3-193617114323

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары білім, ұқсас жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, академияға әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуге қатысты жоғары тұрған органдардың қаулыларын, өкімдерін, бұйрықтарын, басқа да басшылық және нормативтік құжаттарын, Академияның құрылымын және оның даму перспективаларын, ұйымда табельдік есепке алуды жүргізу тәртібін, есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдерін, жабдықтарды, жиһаздарды, мүкәммалды, кеңсе керек-жарақтарын сатып алу және есептерді ресімдеу тәртібін қызметтер үшін, экономика негіздерін, еңбекті ұйымдастыруды, өндіріс және басқару, еңбек заңнамасының негіздерін, еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын білуі тиіс.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 ж. №1017 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
  2. 3х4 фото – 4 дана;
  3. барлық қажетті мәліметтер толық мазмұндалған өмірбаян;
  4. түйіндеме;
  5. білімі туралы дипломдардың қосымшасымен бірге көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  6. ғылыми дәреже, құрметті атақтар берілгені туралы аттестаттардың, дипломдардың көшірмелері;
  7. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  8. тіркелген жері бойынша (Алматы қаласы немесе Алматы облысының жақын жатқан аудандары) ҚІБ мөртабаны бар әскери билеттің (тіркеу куәлігінің) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  9. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  10. еңбек кітапшасы;
  11. құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жүйелері арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама алуға келісім беру;
  12. соттылығы жоқ туралы анықтама;
  13. сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  14. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  15. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  16. флюорография суреті бар жеке медициналық кітапша.

Осы тармақта көзделген қажетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127, № 2 кабинет (қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).

Құжаттар 2024 жылдың 06 тамызынан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия