• 29.05.2024

“ӨРЛЕУ” БАЙҚАУЫНДА 3 ДӘРЕЖЕЛІ ЛАУРЕАТТАР!

Авторkaznai

Сәу 17, 2023

2023 жылдың 4-10 сәуір аралығында Александр Селезнев атындағы Алматы

 хореографиялық училищесінде Қазақ КСР Халық әртісі – Сара Ыдырысқызы Көшербаеваның туғанына 90 жыл толуына орай «ӨРЛЕУ» хореографиялық оқу орындарының арасында VIII халықаралық байқауы өтті, оған Темірбек Жүргенов ат. ҚазҰӨА «Хореография» факультетінің студенттері қатысты.

Байқаудың «Заманауи хореография» номинациясы бойынша бағдарламада  «Asian Student ‘ s Dance» студенттік би театрының ұжымы Амангелдиева Әсел (1 курс ПХ), Аманова Алиса (1 курс ПСХ), Бегежанова Аяна (1 курс ПХ), Какимова Азиза (1 курс ПСХ), Мариева Мариям (1 курс ПСХ), Мусабаева Жасмин (1 курс БИ), Сагнаева Дана (1 курс ПХ), Қайрханова Еркежан (2 курс ПСБТ) және композицилық қоюшы-хореографы Кибирова Фаим (1 курс БИ) «Хореография педагогикасы» кафедрасының оқытушысы Аухадиев Ильзат Ришатович жетекшілігімен қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша «Asian Student ‘ s Dance» студенттік би театрының ұжымы диплом иегері – 3 дәрежелі Лауреат атанды.

Студенттерімізді және олардың жетекшісін лайықты өнерімен және жоғары шығармашылық жетістіктерімен құттықтаймыз. Барлық қатысушыларға және олардың басшысына хореографиялық өнер саласында жаңа жетістіктер мен табыстар, шабыт және кәсіби өсу тілейміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия