• 05.12.2021

«Өз дәуірінің ерен тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Авторkaznai

Қаз 20, 2021

2021 жылдың 18 қазанында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында Тілдер апталығы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: мәңгілік елдің – мәртебелі тілі» тақырыбында ғалым, әдебиеттанушы, педагог Әлихан Хамзаұлы Есанжанның 70 жылдығына арналған «Өз дәуірінің ерен тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде тәуелсіз Қазақстан әдебиетінің дамуына, қазақстандық жастарды тәрбиелеу және білім беру ісіне үлкен үлес қосқан А.Х. Есенжанның ғылыми-шығармашылық мұрасының кезеңдері баяндалды. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстанның көрнекті ғылыми және қоғам қайраткерлері қатысты. Олардың ішінде: академик Бигалиев А.Б., Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма мүшесі Ананьева С.В., Х.Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы бөлімінің меңгерушісі Кульчукова А. К., тарихшы-хамзатанушы Сүлейменов С.Х., танымал драматург Асылбеков С. А. және т.б.