• 19.04.2024

Республикалық пәндік олимпиада

Авторkaznai

Жел 4, 2021

“Кино және ТВ” факультеті 2021 жылдың 26 қарашасында “Кино режиссурасы”, “Теледидар режиссурасы”, “Операторлық өнер”, “Дыбыс режиссура шеберлігі” мамандандырулары бойынша онлайн-оффлайн форматында Республикалық пәндік олимпиадасының І турын өткізді.Факультеттің 2-3-4 курс студенттері олимпиада тапсырмаларын жоғарғы деңгейде орындап, экрандық өнердегі режиссерлік және операторлық шешімдердің жаңа заманауи тәсілдерін меңгергенін байқатты.Пәндік олимпиадаға факультет ішінен 55 студент қатысты.Құрылған комиссия мүшелері ұсынылған жұмыстармен толықтай танысып, өзара талқылай отырып әділ бағаларын берді. Ең жақсы деп танылған жұмыстар бойынша әр мамандықтан 3 орын беріліп келесі кезеңге өтті. Әр жыл  сайын өткізуге дағдыланған Пәндік олимпиада студенттердің білімін шыңдап, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлкен жол ашады.

Приемная комиссия