• 20.04.2024

2021 жылдың 12 қарашасында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Бейнелеу өнерінің тарихы және теориясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, музейтанушы, ИКОМ мүшесі Мұсаханова Мадина Зұлпыхарқызы «ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН МҰРА» (ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайы көрмесінің материалдары негізінде)» тақырыбында баяндама жасады.

«Өнер және ғылым. Білім, зерттеу және технологияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция М.В.Доброклонскийді еске алуға арналған,  Илья Репин атындағы Санкт-Петербург өнер академиясы ұйымдастырған.

Конференцияның пленарлық мәжілістерінде және мамандандырылған секцияларында келесі мәселелер қаралды:

  • 1. Өнер мен ғылымның өзара байланысы.
  • 2. Ғылыми жаңалықтардың бейнелеу өнеріне әсері.
  • 3. Өнер тарихы, өзекті мәселелері мен әдістері;
  • 4. Білім берудегі және гуманитарлық ғылымдардың қазіргі мәселелері;
  • 5. Өнерді медиациялау; Net-Art: құралдар мен технологиялар;
  • 6. Биоарт: этика мен эстетика арасында;
  • 7. Технологиялық өнер: кибернетикалық, цифрлық және гибридтік;
  • 8. Пәнаралық зерттеулердегі көрнекі ақпарат құралдары
  • 9. Мәдениет және өнер ескерткіштерін сақтау және қалпына келтіру.
  • 10. Техникалық-технологиялық зерттеулер мен ашылулар.

Конференцияға Америка, Қытай, Қазақстан, Грузия, Беларусь, Татарстан, Ресей және басқа елдердің ғалымдары, көркем реставраторлары белсенді қатысты.

Приемная комиссия