23 қараша күні Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Театр өнері» факультеті (ұйғыр және неміс топтары) 2 курс студенттерімен «Ғылым апталығы» аясында Ұлы ақын, жырау, жыршының 175 жылдығына арналған «Ұлы қазақ тұлғасы Жамбыл Жабаевтың» (Онлайн) шығармашылығына арналған музыкалық — поэтикалық кеш ұйымдастырылды. Іс-шара мемлекеттік тілде өткізілді.
Іс-шараға «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Театр өнері факультетінің» орыс бөлімінде білім алатын 2 курс студенттері (ұйғыр және неміс топтары) қатысты.
Кешті кафедра доценті филос.ғ.к. кафедра доценті, ҚХА Ғылыми сарапталамлық тобының мүшесі Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызын түсіндіру. Мазмұнды, тақырыпты игеру және қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру. Студент жастардың мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасы мысалында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.
Модератор ретінде 2 курс студенті Кравченко Жанна сөз сөйледі.
«Жамбыл Жабаевқа хат» бағыты бойынша, жазған хаттарын Анна Говорова, Ярослава Гребенкина, Иван Ворончихин, Илхамжан Лохманов оқыды.
«Өтті-ау Дәурен» Ж.Жабаев. Домбырада «Халық аспаптары» мамандығы бойынша білім алып жатқан 3 курс студенті Сейілханов Рустам орындады
«Жамбыл Жабаевты оқи отырып» бағыты бойынша, Жамбыл Жабаевтың шығармасынан Башкатова Александра «Әкеме», Кравченко Жанна «Жаз», Анна Говорова «Қалиға», Оразымбетова Даяна «Алатау», Тұрғанов Ильхам «Батыр туы» үзінділер оқылды.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі поэзияда ж.Жабаевтың Отан қорғау және халықтар достығы тақырыбындағы шығармалары басты орынға ие болды. Төрт жыл бойы ол сарбаздар, гвардияшылар, Мәскеу және Ленинград қалалары туралы «ленинградтықтар, менің балаларым»туралы шығармалар жазды! оның өлеңі бүкіл әлемге таралды. Бұл туындылардың көпшілігі патриоттық поэзияның нағыз шедеврлеріне айналды. Қазақ және орыс тілдерінде Литвин Владислав «Ленинградцы-дети мои» және Абдуллаев Варисжан «Ленинграттық өренім» өлеңінен үзінді оқыды
«Айтыс өнері» мамандығының 3 курс студенті Тлеубек Жанарыс домбырада «Жамбыл Жабаевқа арнау» әнін орындады.
Іс-шара соңында Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы іс-шараның қатысушылары мен қонақтарына алғыс айтып, Жамбыл Жабаевтың поэзиясы қазақ халқының өмірі мен тарихымен тығыз байланысты екенін, оның шығармаларының негізгі ойлары Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясымен үндес екенін атап өтті.