• 30.11.2022

«Музыкалық өнер» факультеті

Авторkaznai

Жел 8, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Музыкалық өнер» факультетінің «Эстрада өнері» мамандығының 2-курс студенті Айдарбек Арқас Еуразиялық мәдениет қорының атаулы стипендиясына және «Орындаушылық өнер» білім беру бағдарламасы тобының 3-курс студенті Сейфуллақызы Ақниет Еуразиялық мәдениет қорының құрмет дипломы мен бағалы сыйлығына ие болды.

Студенттерді алғыс хатпен және арнайы сыйлықпен Еуразиялық мәдениет қорының президенті Ерұлан Мұсаханұлы Қанапиянов марапаттады. Сондай-ақ, «Эстрадалық вокал» кафедрасының аға оқытушысы Иоаннис Кайсиди мен Зарина Құрманбаеваға арнайы сыйлық, Т.Қ. Жүргенов ат.ҚазҰӨА ректорының у.м.а. Шәріпбек Әмірбековке Еуразиялық мәдениет қорының мәдениет қайраткері құрметті атағы мен төсбелгісі табысталды.

Айта кетейік, Айдарбек Арқас Халықаралық конкурстардың лауреаты. Атап айтқанда «Анталия 2014 вижн» бас жүлде, «Меркі дауысы» 1-орын, «Кеңес Дүйсекеевтің авторлық ән байқауы» 3-орын, «Дельфий ойындары» 2-орын, «Жұлдыз» байқауының 3-орын иегері.

Сейфуллақызы Ақниет – көптеген Республикалық конкурстардың лауреаты, атап айтқанда «Жеңіс жаңғырығы» 1-орын, «Көктем аруы» 2-орын, «Шырқа даусым шарықта» 1-орын, «Абай әндері»байқауында 2-орын иегері атанған. 

Приемная комиссия