• 19.04.2024

«Жамбыл Жабаев – Ұлы дала абызы»

Авторkaznai

Жел 1, 2021

«Театр Өнері»  факультетінің 2 курс студенттерінің «Жамбыл Жабаев – Ұлы дала абызы» ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туған күнінінің 175 жылдығына арналған   қалалық байқауына қатысуы

10-25 қараша аралығында Алматыда мемлекеттік тілді еркін меңгерген этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Ұлы даланың ұлттық тілі» форумы аясында «Жамбыл Жабаев – Ұлы дала абызы» байқауы өтті.

Байқауға «Театр Өнері»  факультетінің 2 курс студенттері Кравченко Жанна, Башкатова Александра, Анна Говорова, Лохманов  Илхамжан, Абдуллаев Варисжан, Турганов Ильхам   қатысты.

Іс-шараны Алматы қаласы ҚХА ұлтаралық қатынастарды дамыту бөлімімен  Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.

Байқауға қатысушылардың жетекшісі: «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті, Алматы қ.  ҚХА ҒСТ- ның мүшесі филос.ғ.к.  Божбанбаев Б. М.

Өңірлік кезеңнің конкурсына қатысушылар: Алматы қаласының этномәдени бірлестіктері мүшелерінің арасынан қазақ тілін еркін меңгерген студенттер.

Өңірлік кезеңнің жеңімпазы конкурстың республикалық кезеңіне қатысу үшін жолдама алады.

Конкурс номинациялары

1.1 Жамбыл Жабаевты Оқи Отырып…»

Жамбыл Жабаевтың шығармасынан үзінді оқу арқылы бейнеролик жазу қажет. Өз интерпретациясында шығармаларды жаттау шеберлігі бағаланады;

Ұзақтығы 2 минутқа дейін;

Бейнероликтер ақпараттық заставкамен ресімделуі тиіс (Конкурсқа қатысушының  атыжөні «тегіаты-әкесінің аты» ретімен жазылады.);

1.2 «Жамбыл Жабаевқа Хат»

Қатысушылар өздерінің эрудициясын, қиялын және эпистолярлық жанрды меңгеру дағдыларын көрсетуі керек. Электрондық поштаны жазып, хатты оқуды бейнеге жазыңыз;

Ұзақтығы 2 минутқа дейін;

Бейнероликтер ақпараттық заставкамен ресімделуі тиіс (Конкурсқа қатысушының Т. А. Ә., номинация);

«Жамбыл Жабаевты оқи отырып» Жамбыл Жабаевтың шығармасынан үзінділер оқылды: Кравченко Жанна «Жаз», Башкатова Александра «Әкеме», Анна Говорова «Қалиға», Тұрғанов Ильхам «Батыр туы», Абдуллаев Варисжан «Лениграттық өренім».

«Жамбыл Жабаевқа хатты» Анна, Иван Говорова, Илхамжан Лохманов оқыды.

Аймақтық кезеңнің Алматы қ. бойынша жеңімпазы: Жанна Кравченко байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды

Байқауға қазақ тілін еркін меңгерген этномәдени бірлестік мүшелерінен Алматы қаласының 30-дан астам студенті қатысты.

Приемная комиссия