• 08.12.2024

2022 жылдың 5 қыркүйегінде «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушылары дәстүрлі түрде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – халықтың жаны» тақырыбында сабақтар өткізді. Тілдер мерекесі – 100-ден астам этнос өкілдерінен тұратын, біртұтас Қазақстан халықына, барша қазақстандықтарға үлкен мереке. Тіл — ұлттық бірегейліктің факторы екендігіне ерекше назар аударылды; бұл мереке — Ұлы Даланың көпұлтты мәдениетін сақтауға және Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға үлес қосады. Аталмыш сабақтар тәуелсіз Қазақстанның тіл саясатын дамытудағы басты белестерін; көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым-лингвист Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық қызметін қамтыды. Сабақтарда ұсынылған мұрағаттық және бейнематериалдар студенттердің қызығушылығын оятты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия