• 20.05.2022

Қысқы Олимпиада ойындары

Авторkaznai

Қаң 26, 2022

Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ұлттық құрама спорттың 8 түрінен 87 жолдама жеңіп алды. Ақ Олимпиадада ел намысын 34 спортшы қорғайтын болады. Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 19 спортшы үшін бұл тұңғыш Олимпиада. 

Қаңтар оқиғасы салдарынан орын алған жағдайға қарамастан Қазақстан ұлттық командасының бас бапкерлері барынша мүмкіндікті кеңейтіп, Бейжіңде ел намысын абыроймен қорғайтын спортшыларды жасақтады. Ендігі кезекте спортшыларымыз Олимп шыңында Қазақстанның көк туын желбіретулеріне тілектеспіз. Еліміздің мәртебесін асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрініңіздер! 

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 2022 жылғы 4-20 ақпан аралығында өтеді. 

Приемная комиссия