• 22.01.2022

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Театр өнері факультеті, «Кино және театр әртісі» мамандығының А. Какишева шеберханасы бойынша 4-курс студенті Маметеков Елшатты «Мир кино 2021» байқауында «үздік актер» номинациясында жеңіске жетіп, ІІ орынды иеленуімен құттықтаймыз!
«Мир кино» – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жыл сайын өткізетін дәстүрлі байқау. Байқау таныстыру, қатысушының өз өнері және қысқаметрлі кино кезеңдерінен тұрады. Елшат осы байқауда «Қу тіршілік» фильміндегі рөлі үшін «үздік актер» номинациясын жеңіп алды. 


«Қу тіршілік» қысқаметрлі фильмінің сценаристі әрі режиссері Елшат Маметековтың өзі болса, оператор мен монтаж Ашыр Оспанбаевтікі.


Студентімізге алдағы уақытта шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт тілейміз. Жеңісті күндер көп болсын!
#Жарайсың