• 01.10.2022

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Музыкалық өнер факультеті, Эстрадалық вокал кафедрасының 3-курс студенті Қайырбек Аяулымды Халықаралық көпжанрлы «EURO MUSIC» байқауында II орынды иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Байқауға Аяулым «Вокалдық өнер» номинациясы бойынша қатысқан. Жетекшісі – Сулейменова Айчурек, оқытушы.

Студентімізге алдағы уақытта шығармашылық өрлеу, сарқылмас шабыт тілейміз. Жеңісті күндер көп болсын!

#Жарайсың

Приемная комиссия