• 24.04.2024

ЗАМАНАУИ (CONTEMPORARY) БИ ЖӘНЕ ДЕНЕ ЫРҒАҒЫ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАРЫ

Авторkaznai

Мам 4, 2022

ЭРАЗМУС+ КА107 БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ЗАМАНАУИ (CONTEMPORARY) БИ ЖӘНЕ ДЕНЕ ЫРҒАҒЫ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАРЫ

2022 жылдың 25-30 сәуір аралығында Эразмус+ КА107 жобасы бағдарламасы бойынша ОПҚ-ның сыртқы академиялық ұтқырлығын іске асыру шеңберінде, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінде Рим Ұлттық Би Академиясының (Рим, Италия) оқытушыларының сабақтары өтті.

Күнделікті сабақтар барысында «Заманауи хореография педагогикасы» дайындық бейіні бойынша 1-4 курс студенттері заманауи хореография пәндері бойынша дәріс өтті:

– Профессор Cocetta Russo – «Contemporary биін оқыту әдістемесі» пәні бойынша аккомпаниатор-перкуссионист Massimo Carrano музыкалық сүйемелдеуімен курс.

– Профессор Massimo Carrano – «Дене ырғағы» пәні бойынша авторлық курс.

Приемная комиссия