• 20.04.2024

Президент архивіне виртуалды online экскурсия ұйымдастырылды

Авторkaznai

Сәу 22, 2022

2022 жылдың 20 сәуірінде «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушылары профессор М.Д. Шаймерденова мен доцент А. Е. Садықова, сондай-ақ доцент А. А. Нұрмұхамбетов Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының көпвекторлы сыртқы саясаты» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне виртуалды online экскурсия ұйымдастырды.

Виртуалды экскурсияға Кескіндеме, мүсін және дизайн, Кино және ТД факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты.

Оқытушылар студенттердің баяндамалары мен презентацияларын тыңдап, талқылады. Тақырыптық-экспозициялық көрмеден оқытушылар Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінің және Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруінің құжаттық растауын көрсететін бірегей мұрағат материалдарын ұсынды.

Виртуалды online көрмесі Қазақстанның сыртқы саясаты тарихының бірегей дереккөздерін көруге мүмкіндік берді.

Студенттер тарихи құжаттарды, көне фотосуреттерді, еліміздің тарихи кезеңдерінің дәлелдерін көрді.

Терең ғылыми таным жастардың ой-өрісін кеңейтіп, патриоттық сезімін жетілдіруге ықпал етеді деп сенеміз.

Приемная комиссия