• 25.11.2024

Жүргенов академиясында СҒЖЗ — екінші кезеңі басталды

Авторkaznai

Мар 11, 2022

Базалық ЖОО  ретінде ҚР МСМ «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ

СҒЗЖ 2022 республикалық конкурсының 2-кезеңін өткізу тәртібі туралы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына (бұдан әрі-СҒЗЖ) Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері мен студенттік ұжымдары келесі мамандықтар бойынша қатыса алады:


 Хореография

Өнертану

Эстрада өнері

Актерлік шеберлік

Мүсін

Сәндік қолданбалы өнер


Қатысушы ЖОО ұсынған барлық ғылыми жұмыстар базалық ЖОО-дағы арнайы бағдарламаларда тексеруден өтеді.

Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін студенттердің ғылыми жұмыстарын ұсынған кезде жоғары оқу орны базалық ЖОО Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-на мынадай құжаттарды (баспа және электрондық форматтарда) жібереді:

  • 1) конкурстың бірінші кезеңінің қорытындылары туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған ілеспе хат немесе жұмысты конкурсқа ұсыну туралы ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімі хаттамамен ресімделеді;
  • 2)  ғылыми жұмысты (титулдық бетте автордың аты-жөні көрсетілмейді, тек ортасында жұмыстың атауы, жұмыстың орындалған жылын көрсетуге жол беріледі);
  • 3) ғылыми жетекшінің орындалған жұмыстың дербестік дәрежесі туралы пікірі (еркін нысанда);
  • 4) жұмысты плагиатқа тексеру туралы хаттама / анықтама;
  • 5) ғылыми дәрежесі бар оқытушының  пікірі сырттан;
  • 6) ғылыми жұмыстың аннотациясы (3-қосымша);
  • 7) автор (авторлар) және ғылыми жетекші туралы мәліметтер (4-қосымша);
  • 8) қатысушы ЖОО-ның СҒЗЖ конкурстық комиссиясының хаттамасы (5-қосымша).

СҒЗЖ ресімдеуге қойылатын талаптар:

  • 1) Times New Roman қарпі 14 кеглем, баспа мәтінінің кемінде 35 (бірақ 50-ден аспайтын) беті, бір интервал;
  • 2) жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын;
  • 3) титулдық бетте тек орталық бойынша жұмыс атауын көрсету қажет;
  • 4) жұмыстың мазмұны: Кіріспе (толық ғылыми аппаратпен), негізгі бөлім (бөлімдер немесе тараулар бойынша мүмкін), Қорытынды, Дереккөздер тізімі;
  • 5) жұмысқа қосымшалар студентті зерттеу үшін қажетті кез келген графикалық материалдардан тұруы мүмкін (жұмыс парағы есепке алынбайды).

Басқа талаптармен ҚР БҒМ ұсынымдарында 2-қосымшада танысуға болады.

МАҢЫЗДЫ!!!

  • 1. Жұмыс талаптарға сәйкес қатаң түрде жасалуы керек.
  • 2. Барлық құжаттардың электрондық (скан) нұсқасы папкалар бойынша (студенттердің аты-жөні) CD-R не USB флэш-картасына жазылады және баспа құжаттарымен бірге жұмысымен ортақ конвертке салынады.
  • 3. СҒЗЖ баспа нұсқасындағы барлық қолтаңбалар «түпнұсқа» болуы тиіс.
  • 4.Поштаға жіберілетін электрондық нұсқада kaznai_nauka@mail.ru қолтаңбалар міндетті емес.
  • 5. Жіберілетін материалдар Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына 2022 жылдың 31 наурызына дейін жіберілуі тиіс. Пошта арқылы жіберу уақытын ескеру қажет.

Ілеспе хат пен құжаттар Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мекен-жайына жіберіледі: 050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 127, сонымен қатар электрондық пошта: kaznai@art-oner.kz, kaznai_nauka@mail.ru.

  1. Методические рекомендации по оформлению НИРС
  2. Правила оформления списка источников
  3. Приложения НИРС каз.
  4. Приложения НИРС рус
  5. Рекомендации МОН РК

Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА

СҒЗЖ республикалық конкурсын ұйымдастыру комитеті

Туындаған сұрақтар бойынша хабарласуға болады:

kaznai_nauka@mail.ru

+7 (727) 272 04 99

Приемная комиссия