«КӨПМӘДЕНИЕТТІ ӘЛЕМДЕГІ БАЛАЛАР МЕН КІТАПТАР» атты III Халықаралық конгресстің ПРЕСС-РЕЛИЗІ
26-27 қыркүйек 2022 ж.
Конгресстің ашылу күні мен уақыты: 2022 жылдың 26 қыркүйегі, сағат 10:00.
Өтетін орны: Алматы қ., Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық Достық үйі (Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 40 / Төлебаев к-сінің қиылысы).
Байланыс үшін: +7 775 94 94 94 0, altair.chba@gmail.com
Іс-шараның негізгі идеясы —Қазақстанда және әлемде балалар әдебиетін алға бастыру мақсатында мұғалімдердің, ғалымдардың, кітапханашылардың, баспалардың, аудармашылардың күш-жігерін біріктіру; балалар оқуы және балаларға арналған ұлттық әдебиет мұрасын сақтау мәселелерін талқылау.
Конгресс ұйымдастырушылары:
- Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі (Астана, Қазақстан)
- Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы, Қазақстан)
- «ALTAIR» балалар кітабы академиясы (Алматы, Қазақстан)
- Аударма институты (Мәскеу, Ресей)
- «Мир через Духовность» қоғамдық бірлестігі (Астана, Қазақстан)
Негізгі спикерлер арасында: филол.ғ.д., профессор, ҚХА ҒСК мүшесі, ҚазПРЯЛ президенті Сулейменова Элеонора (Қазақстан), мәдениеттанушы Анна Эспарса (Франция), Ресейлік балалар жазушысы Нина Дашевская (Ресей), қазақстандық балалар ертегілерінің авторы Нурсулу Шаймерденова (Қазақстан), балалар әдебиетін зерттеуші және кітапханатанушы Надежда Теплякова (Қазақстан), Аударма институтының атқарушы директоры, аудармашы Евгений Резниченко (Ресей), «Мир через Духовность» ҚБ кеңесі президиумының төрағасы Сауле Мухашова (Қазақстан) және т.б.
Сондай-ақ іс-шараға Алматы қаласы Білім басқармасы мен Республикалық кітап палатасы өкілдері, балалар кітаптарын басып шығарушылар («Тентек», «Алматыкітап» баспалары), қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтардың өкілдері қатысады.
Конгресс бағдарламасына Әзірбайжан, Израиль, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Жапония мемлекеттерінен 150-ден астам қатысушы тіркелген, олар екі күн бойы онлайн және офлайн режимде келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:
- Балалар әдебиеті: Келген болашақтың сын-қатерлері
- Балалық шақ мәдениеті және қазіргі қоғамның LIFESTYLE-і
- Балалар кітаптарында ел, халық тарихының бейнеленуі
- Бүлдіршіндерге арналған балалар әдебиеті: жаңа тәсілдер мен форматтар
- Балалар әдебиеті аударма айнасында
Іс-шараның нәтижесінде:
- Конгресс қатысушыларының сөйлеген сөздерінің жинағы жарияланады, ол ұйымдастырушылардың сайтында қолжетімді болады;
- Қазақстандағы балалар әдебиетін дамыту бойынша ұсыныстар әзірленеді (Конгресс қарары ҚХА ҒСК және тиісті ведомстволардың қарауына жіберіледі);
- Қазақстанда балалар кітаптары жөніндегі Халықаралық кеңестің Ұлттық секциясын (IBBY) ашу бағдарламасы таныстырылады (https://www.ibby.org/);
- қазіргі заманғы балалар әдебиетін (қазақшасын — орыс тіліне; орысшасын — қазақ тіліне) аудару саласындағы Аударма институтының серіктестерімен бірлесіп жүзеге асыру жоспарланған халықаралық жобаларды іске қосу туралы келісімге қол жеткізіледі;
- ТМД елдері мұғалімдерінің функционалдық және оқу сауаттылығын арттыру бойынша бірлескен жұмыстың тетіктері іске қосылады (PISA және PIRLS аясында);
- «Оқитын мектеп» Ұлттық жобасының жүзеге асырылуына арнап ұсынылуы мүмкін «Altair» балалар кітабы академиясы мен Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның балалар мен ересектердің кітап оқу мәдениетін дамыту туралы авторлық жобалары таныстырылады.
Конгрессті ұйымдастыру комитеті