Академия магистранттарының 20 шақты ғылыми жетекшісі қатысты.
Спикер А.Е.Садыкованың сөзінде магистрлік диссертацияның жетістігі оның тақырыбының қаншалықты сәтті таңдалғанына тікелей байланысты екендігі атап өтілді. «Тақырып — тек диссертация атауы емес, ол белгілі бір мәселені шешуге бағытталған диссертациялық зерттеудің жоспарланған нәтижесі».
Магистрлік диссертациялар тақырыптарының тізімін әдетте кафедраның өзі қазіргі кездегі өзекті ғылыми мәселелер мен әр кафедраның ғылыми-шығармашылық зертханасы жүргізетін зерттеулердің басым бағыттарына сүйене отырып ұсынады.
Магистрлік диссертациялардың тақырыбын бітіруші кафедралар әзірлейді.
Тақырып міндетті түрде проблеманы қоюды және кафедра бейініне байланысты зерттеу аспектісін нақтылауды қамтуы керек. Магистрлік диссертацияның тақырыбы магистранттың мамандануының негізгі саласын көрсетуі керек және тиісті кафедраның негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларымен байланысты болуы керек.
Осындай құзыреттердің бірі-магистрлік диссертацияда сыни тұрғыдан ойлау және талдау дағдылары.
Магистрлік диссертация тақырыбын дұрыс таңдау оны жазу процесін жеңілдетеді. Өзіндік жұмыс түлектің құзыреттілігін күшейтеді және оған ғылымда немесе кез-келген басқа салада мансап құруда пайдалы болатын сыни ойлау, талдау және синтез дағдыларын алуға көмектеседі.
Диссертацияның тақырыбы болашақта жұмыстың атауы сияқты нақтылануы және айқындалуы мүмкін.
Магистрлік диссертация тақырыбын таңдағанда келесі факторларды ескеру қажет:
- білім беру бағдарламасы және оқыту бағыты;
- эксперименттік, библиографиялық, тарихнамалық, деректанулық, ғылыми-практикалық базаның қолжетімділігі;
- осы тақырып бойынша маманданған педагог кадрлардың болуы;
- мәселенің өзектілігі мен зерттелу дәрежесі;
- тақырыпты одан әрі зерттеу мен дамытудың перспективасы – болашақта ол тақырып бойынша докторлық диссертация жазу мүмкіндігі.
Тақырыпты таңдау кезеңдері
1. Магистрант болашақта қандай проблемамен жұмыс істегісі келетінін болжай отырып, жұмыс бастағаны жөн.
2. Бұдан әрі библиографиялық ресурстарды, кітапхана каталогтарын, осы бағыттағы ғылыми зерттеулердің соңғы 5 жылдағы бейінді ғылыми басылымдардағы жарияланымдарын мониторингілеу қажет.
Қанша диссертация қорғалғанына, қандай тұстар толық зерттелмегеніне, олқылықтар бар-жоғына назар аудару керек.
3. Әрі қарай сіз негізгі әдебиеттер мен дереккөздердің тізімін жасауыңыз керек содан кейін ғана болашақ тақырыптың бірнеше нұсқаларын тұжырымдауға тырысыңыз.
4. Келесі кезең — ғылыми жетекшіні таңдау.
Диссертацияның сәтті шығуы ғылыми жетекшімен қаншалықты оңай жұмыс істей алатындығыңызға ғана емес, сонымен қатар оның біліктілігінің қаншалықты жоғары екендігіне де байланысты. Жетекшінің ғылыми қызығушылығы сіз таңдаған тақырыппен сәйкес келуі маңызды.
Магистрант алдын-ала кім жұмысқа рецензия бере алатындығын немесе қорғау кезінде оппонент бола алатындығын білуі керек.
5. Негізгі әдебиеттермен танысқаннан кейін тұжырымдаманы түзетуге болады, содан кейін оны ғылыми жетекшімен келісіп, тақырыпты және ғылыми жетекшіні бекітуге өтініш жазу керек.
Жұмысты жазу кезінде тақырыпқа тереңірек және сапалы ену барысында бекітілген тақырыпты өзгерту қажет болуы мүмкін. Мысалы, дереккөздердің бір бөлігі қол жетімді емес немесе бастапқы гипотеза расталмағаны немесе оны түзету қажет екендігі анықталды. Сіз тақырыпты соңғы бұйрықта ресми түрде бекітілгенге дейін өзгерте аласыз, бірақ объективті түрде бұл қорғауға қанша уақыт қалғанына байланысты жазу процесін қиындатады.