Қарашаның 22-де Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Өнертану» факультеті, «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасына қарасты «Өнертану» бейіні бойынша Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының I кезеңі өтті. Байқауға 1,2,3 курс студенттерінен құралған 13 білім алушы қатысып, өздерінің зерттеу тақырыптарын ұсынып, белгіленген комиссия мен 4 курс студенттерінен құралған сарапшылардың алдында қорғап шықты.
Байқау нәтижесі бойынша төмендегі студенттер жүлделі орындармен марапатталды:
- І дәрежелі диплом — Тоқмырза Мәнсия (2 курс)
- ІІ дәрежелі диплом — Тұрсынғазы Гина (2 курс)
- ІІ дәрежелі диплом — Бекмукаметова Аяулым (2 курс)
- ІІІ дәрежелі диплом — Арапбай Аяулым (3 курс)
- ІІІ дәрежелі диплом — Каирова Мөлдір (2 курс)
- ІІІ дәрежелі диплом – Әлімбек Меруерт (1 курс)
Сонымен қатар ынталандыру мақсатында 1 курс студенттері Орақова Шамшырақ, Төремуратова Мақпал және 2 курс студенті Татыран Қалданай Байқауға қатысып белсенділік танытқаны, ізденімпаздығымен көзге түскені үшін алғыс хаттармен марапатталды.