• 02.05.2024

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының I кезеңі өтті

Авторkaznai

Қар 23, 2023

Қарашаның 22-де Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Өнертану» факультеті, «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасына қарасты «Өнертану» бейіні бойынша Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының I кезеңі өтті. Байқауға 1,2,3 курс студенттерінен құралған 13 білім алушы қатысып, өздерінің зерттеу тақырыптарын ұсынып, белгіленген комиссия мен 4 курс студенттерінен құралған сарапшылардың алдында қорғап шықты.
Байқау нәтижесі бойынша төмендегі студенттер жүлделі орындармен марапатталды:

  • І дәрежелі диплом – Тоқмырза Мәнсия (2 курс)
  • ІІ дәрежелі диплом – Тұрсынғазы Гина (2 курс)
  • ІІ дәрежелі диплом – Бекмукаметова Аяулым (2 курс)
  • ІІІ дәрежелі диплом – Арапбай Аяулым (3 курс)
  • ІІІ дәрежелі диплом – Каирова Мөлдір (2 курс)
  • ІІІ дәрежелі диплом – Әлімбек Меруерт (1 курс)

Сонымен қатар ынталандыру мақсатында 1 курс студенттері Орақова Шамшырақ, Төремуратова Мақпал және 2 курс студенті Татыран Қалданай Байқауға қатысып белсенділік танытқаны, ізденімпаздығымен көзге түскені үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия