Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) мен Студенттердің ғылыми қоғамы (СҒҚ) бірлесе ұйымдастырған
«Қазіргі заманғы ғылыми орта және жастар»
тақырыбындағы дөңгелек үстелі
8 сәуірде ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ-2024 аясында Ғылыми-редакциялық бөлімнің (ҒРБ), Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) мен Студенттердің ғылыми қоғамымен (СҒҚ) бірлесе ұйымдастырған «Қазіргі заманғы ғылыми орта және жастар» тақырыбындағы дөңгелек үстелі өтті.
Шараның мақсаты – жоғары оқу орнынан кейінгі және бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды ғылыми жұмысқа тарту.
Офлайн және онлайн нысандарында өткен дөңгелек үстел барысында келесі баяндамалар жасалды:
- 1) Назарбаев Университетінің зерттеушісі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бибарыс Айбатырұлы Сейтақ «Қазақ тілінде ғылыми контент жасаудағы мәселелер» тақырыбына;
- 2) Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Медиажурналистика» БББ 4-курс студенті Шаттык Сериккалиқызы Сәдуақас «Мәдени индустриядағы жасанды интеллект: трендтер мен этикалық аспектілер» тақырыбына;
- 3) «Aaartist» компаниясының атқарушы директоры, мәдени менеджмент және өнер магистрі (Liestal/Швейцария), Экономика және бизнес университетінің PhD докторанты (Варшава, Польша) Alessya Jurt «Развитие предпринимательских компетенций людей Центральной Азии в условиях современного арт-бизнеса: Казахстан, Кыргызстан, Узбекистан» тақырыбына;
- 4) Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Дыбыс техникасы және кинематография» кафедрасының оқытушысы Пшенаева Эльмира Болатханқызы мен «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының 2-курс докторанты Кукетов Берік Алпысбайұлы «Одағай сөздердің өнерде алатын орны» тақырыбына;
- 5) Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының 2-курс студенті Құралай Бекмаханова «Актер өнеріндегі адам психологиясы» тақырыбына.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Инновациялық білім беру факультетінің, «Логопедия» БББ-ның 1-курс студенті Жайдары Шақиқызы «Инклюзивті өнер және дефектологиялық әл-ауқат: шығармашылықтың жеке дамуға әсері» тақырыбына баяндамасын интернет желісі ақаулықтарына байланысты жасай алмады. Алайда барлық баяндамалардың презентацияларын осы материалға қосымша ретінде төменде беріліп отыр.
Дөңгелек үстел жұмысына Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, докторанттар, студенттер және қоғам қайраткерлері қатысты.
- Бибарыс Сейтақ-Қазақ тілінде ғылыми контент жасаудағы мәселелер
- Шаттық Сәдуақас-artificial intelligence & machine learning
- Алеся Юрт_Развитие предпринимательских компетенций
- Жайдары Шакиқызы-Инклюзивті өнер дефектологиялық әл-ауқат шығармашылықтың жеке дамуға әсері_compressed
- 5-1.Берик Кукетов-Одағай сөздердің өнерде алатын орны
- 5-2.Эльмира Пшенаева-Одағай сөздердің өнерде алатын орны
- Бекмаханова Куралай-Адам психологиясы театр өнерінде_compressed_compressed