• 22.11.2024

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) – 2024 республикалық конкурсының II кезеңін өткізу тәртібі туралы

Авторkaznai

Апр 12, 2024

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) – 2024 республикалық конкурсының II кезеңі
Базалық ЖОО ретінде ҚР МАМ Мәдениет комитетінің
«Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) – 2024 республикалық конкурсының II кезеңін өткізу тәртібі туралы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына (бұдан әрі-СҒЗЖ) Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері мен студенттік ұжымдары келесі мамандықтар бойынша қатыса алады:

  • В024 – Өнертану
  • В027 – Театр өнері
  • В028 – Хореография
  • 6В021 – Эстрада өнері
  • 5В02101 – Режиссура

Қатысушы ЖОО ұсынған барлық ғылыми жұмыстар арнайы бағдарламаларда тексеруден өтеді.
Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін студенттердің ғылыми жұмыстарын ұсынған кезде жоғары оқу орны базалық ЖОО Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-на мынадай құжаттарды (баспа және электрондық форматтарда) жібереді:

  • 1) конкурстың бірінші кезеңінің қорытындылары туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған ілеспе хат немесе жұмысты конкурсқа ұсыну туралы ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімі хаттамамен ресімделеді;
  • 2)  ғылыми жұмысты (титулдық бетте автордың аты-жөні көрсетілмейді, тек ортасында жұмыстың атауы, жұмыстың орындалған жылын көрсетуге жол беріледі);
  • 3) ғылыми жетекшінің орындалған жұмыстың дербестік дәрежесі туралы пікірі (еркін нысанда);
  • 4) жұмысты плагиатқа тексеру туралы хаттама / анықтама;
  • 5) ғылыми дәрежесі бар оқытушының  пікірі сырттан;
  • 6) ғылыми жұмыстың аннотациясы (3-қосымша);
  • 7) автор (авторлар) және ғылыми жетекші туралы мәліметтер (4-қосымша);
  • 8) қатысушы ЖОО-ның СҒЗЖ конкурстық комиссиясының хаттамасы (5-қосымша).

СҒЗЖ ресімдеуге қойылатын талаптар:

  • 1) Times New Roman қарпі 14 кеглем, баспа мәтінінің кемінде 25 (бірақ 50-ден аспайтын) беті, бір интервал;
  • 2) жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын;
  • 3) титулдық бетте тек орталық бойынша жұмыс атауын көрсету қажет;
  • 4) жұмыстың мазмұны: Кіріспе (толық ғылыми аппаратпен), негізгі бөлім (бөлімдер немесе тараулар бойынша мүмкін), Қорытынды, Дереккөздер тізімі;
  • 5) жұмысқа қосымшалар студентті зерттеу үшін қажетті кез келген графикалық материалдардан тұруы мүмкін (жұмыс парағы есепке алынбайды).

Басқа талаптармен ҚР БҒМ ұсынымдарында 2-қосымшада танысуға болады.
МАҢЫЗДЫ!!!

  • 1. Жұмыс қатаң түрде талаптарға сәйкес жасалуы керек.
  • 2. Барлық құжаттардың электрондық (скан) нұсқасы папкалар бойынша (студенттердің аты-жөні) CD-R не USB флэш-картасына жазылады және баспа құжаттарымен бірге жұмысымен ортақ конвертке салынады.
  • 3. СҒЗЖ баспа нұсқасындағы барлық қолтаңбалар «түпнұсқа» болуы тиіс.
  • 4.Поштаға жіберілетін электрондық нұсқада kaznai_nauka@mail.ru қолтаңбалар міндетті емес.
  • 5. Жіберілетін материалдар Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына 2024 жылдың 22 сәуіріне дейін жіберілуі тиіс. Пошта арқылы жіберу уақытын ескеру қажет.

Ілеспе хат пен құжаттар Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мекен-жайына жіберіледі: 050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 127, сонымен қатар электрондық пошта: kaznai@art-oner.kz, kaznai_nauka@mail.ru.

  1. Методические рекомендации по оформлению НИРС
  2. Правила оформления списка источников
  3. Рекомендации МНВО РК
  4. Приложения-НИРС

Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА
СҒЗЖ республикалық конкурсын ұйымдастыру комитеті
Туындаған сұрақтар бойынша хабарласуға болады:
kaznai_nauka@mail.ru
+7 (727) 272 04 99

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия