• 21.11.2024

«Эстрада оркестрінің аспаптары» кафедрасының студенттерін «Кавказ Кубогы» халықаралық байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз (Мцхета, Грузия). Салихов Асанәлі (труба) — 1 орын алды. Оқытушы-Баннов В. М. Дүйсембаев Арман (саксофон) — 1 орынды иеленді. Оқытушы — Оленин В. О. Байқаудың ашылуы Тбилиси қаласының үлкен мемлекеттік залы – филармония сахнасында, Байқау тыңдаулары — Грузияның ежелгі астанасы — Мцхета қаласының мәдениет орталығының сахнасында өтті. Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері: жаңа таланттарды анықтау; мәдениетті дамыту және ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту; ұлттық мәдениет және өнер үлгілерімен танысу мүмкіндігі; үздік шығармашылық ұжымдармен танысу, ұжымдар арасында шығармашылық байланыстар орнату; жасөспірімдер мен жастарды көркемдік тәрбиелеудегі фестиваль — конкурсқа қатысушы елдердің жұмыс тәжірибесімен алмасу; жастар шығармашылығын қолдау және дамыту үшін жағдайлар жасау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия