Қазақстан Республикасының ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (СҒЗЖ) жыл сайынғы конкурсының (академияішілік) І кезеңін ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар
2024 жылдың 11 қыркүйегінде Академия кинозалында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсының (академияішілік) І кезеңін ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар өтті.
Семинарға бұған дейін өткізілген СҒЗЖ конкурстарының жеңімпаздары, Академия оқытушылыры мен студенттері қатысты.
Семинарда студенттердің Республикалық СҒЗЖ конкурсына қатысып жеңімпаз атануы болашақта ЖОО кейінгі белгілі бір білім беру бағдарламасына түсуіне әсер ететіні жайлы академияның ғылым жұмысы жөніндегі проректоры Халыков Қабыл Заманбекович жеткізді.
Өткен жылғы Республикалық СҒЗЖ конкурсының 2-кезеңінің жеңімпаздары: Ақерке Сәду, 1-орын, «Театртану» траекториясы, 3-курс студенті (ғылыми жетекшісі – Исламбаева З.У., өнертану кандидаты, профессор); Іңкәр Анарбек – 2-орын, «Арт-менеджмент» траекториясы, 1-курс студенті (ғылыми жетекшісі – Тоқтаған Е. Т., «Арт-менеджмент» кафедрасының оқытушысы); Амина Канат, Нұрлы Рустемқызы – 3-орын, «Арт-менеджмент» траекториясы (ғылыми жетекшісі Мусаева А.А., өнертану кандидаты, доцент) Осы лауреат атағын иеленген жеңімпаздар, семинарға қатысқан жас ғалымдармен ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы қатысу тәжірибесімен бөлісті.
Ғылыми-редакциялық бөлім басшысы Рамаданова Жанна Дидарбековна қауымды СҒЗЖ конкурсының талаптарымен таныстырды.
Семинар соңынан өткен жылғы Республикалық СҒЗЖ конкурсының 2-кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
Семинарды ұйымдастырушы: Ғылыми-редакциялық бөлімі.