Қашықтан оқыту – білім алушы мен профессор-оқытушы құрамы қашықтықтан немесе толық емес қашықтықтан өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту түрі.
Оқу процесінде қашықтықтан оқытудың келесі технологиялары қолданылады:
- вебинар;
- видео сабақ;
- он-лайн режимінде оқыту;
- on-line, off-line режимдерінде қашықтықтан оқыту.
Қашықтан оқыту бойынша білім беру бағдарламалар
Шифр | Білім беру бағдарламасы тобының атауы | Білім беру бағдарламасы |
6B02106 | РЕЖИССУРА | ТЕЛЕДИДАР РЕЖИССУРАСЫ |
6B0108816 | ӨНЕРТАНУ | ӨНЕРТАНУ |
6B0108823 | АРТ – МЕНЕДЖМЕНТ | АРТ – МЕНЕДЖМЕНТ |
6В02180 | МЕДИАЖУРНАЛИСТИКА | МЕДИАЖУРНАЛИСТИКА |
Бакалавриат мамандықтар бойынша қашықтықтан оқыту төлемақысы 362 207 тг./жыл.
Мүмкіндіктер:
- Уақыт таңдау: Сіз бос уақытыңызда оқи аласыз
- Орынды таңдау: Тұрғылықты жерінде немесе жұмыс орнында оқуға болады
- Барлық жерде қашықтықтықта болу: Online дәрістер, семинарлар және консультациялар
- Оқыту: Кез келген мамандықта оқып кәсіпкерлік модульді меңгеруге болады. Бұрын өтілген пәндерді қайта есептеу мүмкіндігі
- Стандарт: Мемлекеттік үлгідегі диплом
- Оқытушылар: Профессорлық-оқытушылық құрамның жоғары кәсіби деңгейі
- Төлемақы: Оқу ақысын ыңғайлы төлем формасы
- Қолдау: Академиялық кеңесшілердің көмегі
Қашықтықтан оқытуда кімдер оқи алады?
- Орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және екінші жоғары білім алуға тілек білдірушілер;
- Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға, соның ішінде I және II топ мүгедектері;
- «Болашақ» стипендианттарын қоспағанда, жоғары білім деңгейінде алмасу бағдарламалары бойынша мемлекеттен тысқары жерде білім алушылар;
- Жоғары білім деңгейінде жедел әскери қызметке шақырылған, сырттай оқу бөлімінің студенттері;
- Жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді (4 айдан аса) сырт жақта іссапарда жүргендер.
Білім алушылардың міндеті:
- Білім алушылар компьютермен, электронды поштамен және Ғаламтор желісімен жұмыс істей білуі тиіс.
- Білім алушылардың дербес компьютеріне тұрақты түрде хабар алмасып тұруға мүмкіндік болуы тиіс.
- Компьютер Internet желісіне қосылуы тиіс.
- Білім алушылар электронды пошталарының тұрақты мекенжайы болуы тиіс.