Strikeplagiarism компаниясы өкілінің семинары
2024 жылдың 25 қыркүйегінде Академия кинозалында Ғылыми-редакциялық бөлім «Strikeplagiarism» компаниясының даму жөніндегі директоры Юлия Калчун-Набиеваның плагиатты тексеру және GPT чатында жасалған студенттік жұмыстарды анықтау бойынша дұрыс сараптамалық шешім қабылдау және т.б. жөнінде семинарын офлайн және онлайн форматта ұйымдастырып өткізді.
Академияның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Халықов Қабыл Заманбекұлы плагиатпен күресу және ғылыми этиканы жетілдіру тақырыбының маңыздылығын атап өтті. Авторлық құқықты құрметтеу және зерттеудің өзіндік ерекшелігі ғылымды дамытудың негізі екенін атап өтті. Қатысушыларға ашық әрі әділ ғылыми орта құру үшін талқылауларға белсенді қатысуға және өз тәжірибелерімен бөлісуге шақырды.
Семинарға кафедралардағы құжаттарды плагиатқа тексеруге жауаптылар мен Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Тыңдаушылар семинар тақырыбына белсенді қызығушылық танытып, қызықтырған мәселелері бойынша сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.