• 16.10.2024

Мәскеуден ГРАН-ПРИМЕН оралды

Авторkaznai

Қаз 7, 2024

Мәскеу қаласында С.А. Герасимов атындағы  Бүкілресейлік кинематография университетінің (ВГИК) ұйымдастыруымен ТМД қатысушы-мемлекеттерінің “Восхождение” халықаралық студенттік кинофестивалі өтті. Фестиваль аясында шығармашылық ЖОО ректорларының кездесуі, студенттік киножобалар көрсетілімі, ғылыми-практикалық конференциялар жоспарланған. 

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арман Жүдебаев ВГИК ректоры Владимир Малышевпен жеке кездесу өткізіп, екі білім ордасының өзара ынтмақтастық қарым-қатынасын одан әрі тереңдету, біріккен студенттік киножобаны жүзеге асыру, профессор-оқытушы құрам өкілдерінің алмасу тәртібімен шеберлік сағаттарын өткізу, студенттердің жазғы мектептерге қатысуы сияқты маңызды мәселелерді талқылап, оң шешімдер қабылдады.

Ресейдегі жетекші шығармашылық оқу ордасымен ортақ жобаларды жүзеге асыру, мамандардың біліктілігін арттыру және халықаралық тәжірибе алмасу ісіне ден қою — Академияның басты ұстанымы.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультетінің студенттері Тілеуберді Тұрапбекұлының «Жалғыз жандар» фильмі фестивальдің ГРАН-ПРИ иегері атанса, Ислам Бахтыгуловтың «Люк» фильмі «ҮЗДІК СЦЕНАРИЙ» номинациясының жеңімпазы атанды.

Академия ұжымы жеңімпаздарды халықаралық жеңісімен шын жүректен құттықтайды. Шалқар шабыт, толайым табыс тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия