Visa Fashion Week Х маусымында «Сән және Костюм дизайны» мамандығының 3-курс студенті Досмағамбетов Нұрдәулет өзінің дебюттік топтамасын сәтті көрсетіп, үлкен жетістікке қол жеткізді. Оның ерекше әрі авангард стиліндегі топтамасы әйгілі «ELLE» және «Harper’s Bazaar» сән журналдарында жоғары бағаланып, сән саласының мамандарының назарын аударды.
Досмағамбетов Нұрдәулет Next Designer Award empowered by Visa байқауының III маусымында финалист атанып, Visa Fashion Week сән апталығына жолдама алды. Бұл жетістік оның шығармашылық әлеуетінің жоғары екендігін және болашағы зор дизайнерлер қатарына енетінін айқындады.
Нұрдәулеттің жетістігіне оның жетекшілері, Гүлнар Бекибаева мен Камила Нұрмағамбетова өз үлестерін қосып, жас дизайнерді әрдайым қолдап келеді. Олар студенттің өнер жолындағы табыстарына мақтаныш білдіріп, шығармашылық жетістіктеріне тілектестік білдіреді.