қазанда академия кинозалында халықаралық және республикалық гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу мақсатында ғылыми жобаны ұйымдастыру бойынша ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинарға республикалық және халықаралық ғылыми-зерттеу жобалары конкурстарына қатысу тәжірибесімен танысқысы келетін оқытушылар, докторанттар мен магистранттар шақырылады.
Семинар жұмысын Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Арман Айыпбекқызы Қульшанова ашты.
Семинарда гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысқан мамандар тәжірибесімен бөлісті.
«Getty Scholar in the 2023-2024 academic year» халықаралық зерттеу жобасына қатысқан «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасының доценті, өнертану бойынша PhD Сорокина Юлия Владимировна «Халықаралық ғылыми-зерттеу жобасларына қатысу алгоритмі» тақырыбына баяндама жасады.
Республикалық гранттық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысқан «Дизайн» кафедрасының доценті, сәулет өнері кандидаты Нурдубаева Асия Руслановна «Гранттық қаржыландырудың маңызды нүктелері және өтініш беруде туындайтын қиындықтар» тақырыбына баяндама жасады.
Семинардың Zoom жазбасын келесі сілтемемен танысуға болады:
https://cloud.mail.ru/public/G8Ne/NKRvsrFiy
Семинарды Ғылыми-редакциялық бөлім ұйымдастырды.