Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Өнертану докторы (PhD) дәрежесiн беру жөніндегі докторлық диссертацияларды қорғау бойынша 8D021 – Өнер Диссертациялық кеңесі «6D040800 – Эстрада өнері» мамандығы бойынша өнертану докторы (PhD) дәрежесiн алуға байланысты «Қазақстанның эстрадалық өнеріндегі мюзикл және рок-опера жанрлары: даму үрдістері мен перспективалары» тақырыбында жазылған Алпысбаева Венера Нагметдуллақызының диссертациялық жұмысы қорғалатынын хабардар етеді. Диссертациялық жұмыс қазақ тілінде жазылған, «Эстрада оркестірінің аспаптары» кафедрасында дайындалған.
Ғылыми кеңесшілер:
Шекерджиева-Новак Тони Димитрова – А.Диамандиев атындағы музыка, би және бейнелеу өнері академиясының профессоры, Болгария, Пловдив;
Бегалинова Гүлнар Абдрахмановна – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Эстрада оркестрінің аспаптары» кафедрасының профессоры, өнертану кандидаты.
Ресми рецензенттер:
Кузбакова Гульнара Жанабергеновна – өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті.
Бултбаева Айзада Зейкеновна – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының, «Музыкатану, арт-менеджмент және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» факультетінің доценті, өнертану кандидаты.
Диссертациялық қорғау 2024 жылдың 25 желтоқсанында сағат 15:00 Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоратында өтеді.
Қорғау офлайн форматта өтеді.