2024 жылдың 26–28 қарашасында хореография факультетінде Modern би техникасы бойынша шеберлік сабақтары өтті. Шеберлік сабақтарын Рим ұлттық би академиясының профессоры Ян Ю Лин, сондай-ақ концертмейстер және соқпалы аспаптарда ойнаушы Федерико Ди Майо жүргізді. Шеберлік сабақтары Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Хореография» факультетінің 30 жылдығына арналған «Хореографиялық өнердегі режиссура және педагогика: дәстүрлер мен инновациялар» атты ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында өтті. Шеберлік сабақтарына «Хореография» факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.