2025 жылдың 25–26 ақпанында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ағылшын тіліндегі шешендік өнер бойынша «Speech Contest 2025» олимпиада-байқауы өтті. Байқаудың тақырыбы — «Тіл және мәдениет», ұйымдастырушысы – «Шет тілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы.
Жарысқа Қазақстанның 12 оқу орнынан 41 студент қатысты. Олимпиада екі кезеңде өтті: бірінші турда қазылар алқасы қатысушылардың бейнежазбаларын қарастырса, екінші турда «Language and Culture» тақырыбында презентацияларымен сөз сөйледі.
Үздіктер анықталды
Қазылар алқасы колледждер мен жоғары оқу орындарының жеңімпаздарын анықтады:
Колледж студенттері арасында:
- 1 орын: Суюнова Аружан (Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі)
- 2 орын: Бондаренко Рада (П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі), Ғалымжан Амина (А. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі)
- 3 орын: Аязбай Аяжан (Маңғыстау өнер колледжі), Дубовик Сергей (О. Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі)
ЖОО студенттері арасында:
- 1 орын: Битабирова Эльдана (ҚазБСҚА)
- 2 орын: Дадаева Дария (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы), Керімбаева Шұғыла (Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)
- 3 орын: Қуандық Әзиза, Абдраимова Адель, Каленова Гүля (Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)
Арнайы марапаттар
Ерекше мазмұнды баяндама: Уссанов Нұрлан (Оңтүстік Қазақстан университеті)
Тақырыпты таңдаудағы креативтілік: Жүсіп Аруай (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы)
- Оригиналды мазмұн: Әміреш Аружан (Оңтүстік Қазақстан университеті)
- Шешендік өнері үшін: Мұрат Зере (Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)
- Brave Heart: Сарыбай Сымбат (Оңтүстік Қазақстан университеті)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, сертификаттар және Oxford University Press пен Oxford Education тарапынан бағалы сыйлықтарға ие болды. «Speech Contest 2025» қатысушылары өз білімдерін дәлелдеп, болашақтарына тағы бір қадам жасады!



