2024 жылғы 7-11 сәуір аралығында академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында Испанияның Аликанте қаласындағы EASDA университетінің оқытушылары «Дизайн» кафедрасына ресми іссапармен келді.
Делегация құрамында Франсиско Онсина, Исабель Алемани Гарсия, Мигель Исабель және Сильвия Буйе Торруэлья болды.
Сапар барысында ғылыми-зерттеу қызметіне баса назар аударылды. Атап айтқанда, «Зияткерлік меншік» тақырыбы бойынша кафедра оқытушыларымен бірлесе отырып, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау мәселелеріне қатысты хабардарлық деңгейін, қатынасты және тәжірибелік дағдыларды зерделеуге бағытталды.
Аталған іссапар шеңберінде тәжірибе алмасу, білім беру әдістерін талқылау және мәдени байланыстар орнату секілді шаралар жүзеге асырылып, халықаралық академиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал етті.





