2025 жылдың 26 сәуірінде «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің білім алушылары оқу тәжірибесін (плэнер) «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында өткізді. Көлсай көлдері — Қазақстандағы ең көне әрі әсем табиғи орындардың бірі. Табиғат сұлулығын сезіне отырып, әр студенттің пейзаж жазуы олардың шеберлігін шыңдап, шабыт беретіні сөзсіз.


