Академиялық мәселелер жөніндегі қызметі

Әбдірахман Гүлнар Бақытқызы
Академиялық мәселелер жөніндегі қызметінің басшысы
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының академиялық мәселелер жөніндегі қызметі-құрылымдық бөлімше, оқу үдерісін қолдауға және сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды міндеттерді орындайды.
Академиялық мәселелер бойынша қызметтің негізгі міндеттері
1) Білім беру сапасын қамтамасыз ету:
– Білім беру бағдарламаларының ESG стандарттарына сәйкестігі.
– Оқытудың инновациялық нысандарын енгізу.
2) Әдістемелік қолдау:
– Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу.
– Тест тапсырмаларын сараптау және студенттердің білімін бақылау.
3) Тәжірибе мен кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру:
– Кәсіби тәжірибені ұйымдастыру.
– Кәсіптік бағдар беру бойынша іс-шаралар өткізу.
4) Академиялық жоспарлау:
– Сабақ кестелері мен академиялық күнтізбелер жасау.
– Студенттер контингентінің қозғалысын бақылау.
5) Студенттік қолдау:
– Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау мәселелері бойынша кеңес беру.
– Түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
6) Бақылау және есеп беру:
– Оқу материалдарының сапасына мониторинг жүргізу.
– Статистикалық есептер мен құжаттамаларды дайындау.
7) Үйлестіру және өзара әрекеттесу:
– Факультеттер мен кафедралардың жұмысын үйлестіру.
– Семинарлар мен әдістемелік апталарды ұйымдастыру.
Академиялық мәселелер жөніндегі қызметі студенттерге де, оқытушы-прфессорлық құрмаға да қолдау көрсетіп, білім беру сапасын дамытуға ықпал ете отырып, академияның білім беру жүйесінде шешуші рөл атқарады.
Іздеу
Хабарландырулар

13.10.2025




