Бүгін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық жұмыстарды қорғау кезеңі басталды. Бұл – ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен өтетін екі жыл бойы жүргізілген ғылыми ізденістің, кәсіби жұмыстың нәтижесі.
Қорғау процесін ұйымдастыруда академиялық әділдік, ашықтық және сапа принциптеріне баса назар аударылды. Комиссия мүшелеріне ғылыми беделі жоғары, тәжірибелі сарапшылар шақырылып, қорғау барысының мазмұнды өтуіне жағдай жасалды.
Барлық магистранттарға сәтті, ойдағыдай қорғауды тілейміз!


