12 маусым күні Арт-менеджмент және продюсерлеу кафедрасының 4-курс студенттері өздерінің диплом жұмыстарын және шығармашылық жобаларын қорғап шықты. Креативті индустрияға басқан алғаш қадамынан бастап, төрт жыл ішінде өнер мен мәдениет саласындағы заманауи үрдістерді жетік меңгерген жас маманға айналды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында:
«Креативті индустрия – жастар үшін жаңа мүмкіндік» деген болатын. Біз студенттеріміздің осы бағытта өз қабілетін толық жүзеге асыратынына сенеміз.
Академия ұжымы атынан диплом жұмыстарына бағыт берген ғылыми жетекшілерге, дәріс беруші ұстаздарға және мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелеріне зор алғысымызды білдіреміз. Сіздер берген білім мен баға студенттердің кәсіби дамуына үлес қосары сөзсіз.

