2025 жылғы 13-14 маусым күндері Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Театр өнері факультетінің 4-курс студенттері (ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент Ерғалым Төкеев шеберханасы) диплом жұмыстарын Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында қорғады.
Сахналанған қойылымдар тізімі:
1. Саид Ахмад – «Келіндер көтерілісі» (Қоюшы режиссер – Ерғалым Төкеев)
2. Николай Некрасов – «Петербургтағы пайдақор адам» (Студенттердің өзіндік жұмысы)
3. Жәнібек Әлікен – «Шабытымның музасы» (Нұрикамал пьесасының желісі бойынша, қоюшы режиссер – Ерғалым Төкеев)
Жас түлектер өздерінің кәсіби дайындығын сахнада жоғары деңгейде көрсете білді. Шығармашылық жолдарыңыз ашық болсын!