Музыкалық өнер факультетінде екі жыл білім алған магистранттар комиссия мүшелерінің алдында магистрлік диссертацияларын таныстырды.
Бұл жолы музыка өнерінің дамуы, сахна мәдениеті, орындаушылық стильдер, заманауи музыка бағыттарының ерекшелігі сынды тақырыптар талқыланды. Қорғау тек баяндаумен шектелмей, өнердің мәні мен қазіргі қоғамдағы рөлі туралы ғылыми пікірталас, дискурс алаңына айналды. Магистранттар музыканың тек ән айту емес, тұтас бір мәдени құбылыс екенін көрсете білді. Мұндай зерттеулер отандық музыка саласының кәсіби деңгейі мен оның болашақта дамуы үшін аса маңызды.
Құрметті магистранттар, Өнер ғылымдарының магистрі дәрежесі құтты болсын! Алдағы шығармашылық жолда табыс тілейміз.