Бүгін, 20 маусым күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжін тәмамдаған студенттерге диплом табыстау рәсімі өтті. Айтулы іс-шараға Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арман Жүдебаев, колледж директоры Нұрбақыт Бокыбаев, оқытушылар мен түлектердің ата-аналары қатысты.
Салтанатты жиынды ректор Арман Жүдебаев құттықтау сөзімен ашып, түлектерге сәт-сапар тіледі. Сондай-ақ колледж директоры ізгі ниеті мен жылы лебізін білдірді.
Бүгін түлектер үшін тарихи күн. Сіздер көшбасшы өнер ордасын бітіріп, үлкен өмірге қадам басып жатырсыздар. Баршаңызға ақ жол тілейміз!