Күні кеше Шымкент қаласында «Samgau» республикалық қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті. Фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен жас режиссерлер қатысып, түрлі жанр мен тақырыптағы 30-дан астам туынды ұсынды. Соның ішінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Кино және ТВ факультеті, Көркем фильм режиссурасы мамандығының 3-курс студенті Әмір Кәкен үздіктер қатарынан табылып, «Үздік режиссер» номинациясында жеңімпаз атанды.
Шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта ұлттық киноөндірістің дамуына әлі талай үлес қосатыныңа сенеміз. Шығармашылық жолыңа табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!