2025 жылдың 23-25 маусым күндері Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «8D021 – Өнер» бағыты бойынша құрылған Диссертациялық кеңесінде 5 докторант өздерінің диссертацияларын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесін иеленді.
23 маусымда:
- Келсінбек Мөлдір Мұхиддинқызы – «8D02195 – Өнертану» білім беру бағдарламасы бойынша;
- Әкімбек Асқар – «6D040600 – Режиссура» мамандығы бойынша.
24 маусымда:
- Джумабеков Ержан Фазылович – «6D041600 – Өнертану» мамандығы бойынша;
- Баймуханова Снежана Зайнуловна – «6D041600 – Өнертану» мамандығы бойынша.
25 маусымда:
- Рамазанова Бану Куандыковна – «8D02184 – Кино және телевизия режиссурасы» білім беру бағдарламасы бойынша өздерінің диссертациялық жұмыстарын табысты қорғады.
Академия ұжымы жас ғалымдарды осы маңызды жетістіктерімен құттықтай отырып, оларға шығармашылық табыс, жаңа ғылыми белестер мен жемісті еңбек тілейді!




